Маусым 22, 2019 Әрбір бала армандағанды, қиялға берілгенді, ойнағанды, бірнәрсені жасағанды, саяхаттағанды жақсы көреді By odb-abai inЖаңалықтар Әрбір бала армандағанды, қиялға берілгенді, ойнағанды, бірнәрсені жасағанды, саяхаттағанды жақсы көреді. Иә, әсіресе сүйікті кітаптары бойынша саяхат жасауды №68 ЖББОМ-тің «Балдәурен» жаздық лагерьде демалушы балалардың қатысуымен «Ерте, ерте, ертеде…» танымдық-ойын өткізілді. Балалалар «Қызыл телпек», «Фиксики» болып екі топқа бөлініп, ертегілер туралы сұрақтарға жауап беріп өз топтарына ұпай жинады. Ойын барысында «Фиксики» тобы 80 ұпай жинап жеңіске жетті. Сондай-ақ ертегілердің желісі бойынша түсірілген «Ордабасы-бірлік туы» атты мультфильмді оқушылар қызығушылықпен көрді.