«Сәлеметсің бе, Книгоград қаласы»

«Сәлеметсің бе, Книгоград қаласы»

Кітапханада 16 ақпанда «№1 гимназия» КММ 1 «Б» және 1 «В» сынып оқушылары үшін «Сәлеметсің бе, Книгоград қаласы» қызықты және танымдық экскурсиясы өткізілді.

Балалар кітапхана дегеніміздің не екенін, кітапханада қандай кітаптар мен мерзімдік басылымдардың сақталатынын білді, сонымен қатар кітапты және кітапхананы пайдалану ережелерімен танысты.

Олар кітапхананың ең қызықты залдарына барды, кітапханадағы әртүрлі кітаптарды, альбомдарды, журналдарды тамашалады, «Күншуақ» сыйқырлы бөлмесінде болды, көрмелермен танысты, қызығушылығы бойынша үйірмелердің, алаңдар мен студиялардың жұмысы туралы тыңдады.

Балалар іс-шара қорытындысында «Бар әлемнің ертегілері» дауыстап оқуларына қатысты.

Comments are closed.