«Сиқырлы қар»

«Сиқырлы қар»

«Қызықты ғылым» кітапханалық зертхана аясында 21 ақпанда «Сиқырлы қар» шеберлік сыныбы өткізілді. Балаларға ыстықта ерімейтін қар жасау ұсынылды. Жасанды қар өзінің керемет қасиеттерімен балаларды да, ересектерді де таң қалдырды.

Жүргізілген тәжірибе қарапайым әрі қауіпсіз болды, балалардың байқау, салыстыру, жинақтау, қорытындылау сияқты дағдыларын дамытуға бағытталды. «Таңшолпан» және «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілерге осындай тәжірибені үйде достарымен қайталап көру ұсынылды. Сиқырлы қарды бірнеше күн өткеннен кейін, ылғал буға айналып кеткеннен кейін, қар қайта ұнтаққа айналып кеткеннен кейін де көптеген рет пайдалануға болады. Шеберлік сынып қорытындысында танымды химия бойынша тақырыптық кітаптар мен журналдарға шолу жасалды.

Comments are closed.