«Сиқырлы сандық»

«Сиқырлы сандық»

№64 НОМ 4 сынып оқушылары үшін ҚР Жазушылар одағының мүшесі, журналистер мен кино қызметкерлері Ассоциациясы сыйлығының лауреаты Орынбай Жанайдаровтың «Ежелгі Қазақстанның аңыздары», «Ежелгі Қазақстанның мифтері» және «Ежелгі Қазақстанның әңгімелері» кітаптары бойынша «Сиқырлы сандық» медиа-таныстырылымы өткізілді.

Онда халықтың шығу тегі туралы, аңыз-әңгімелермен көмкерілген Қазақстан табиғатының керемет жерлері туралы аңыздар, мифтер және әңгімелер айтылды.

Балалардың басты назарына Шайтанкөл көлі, Бектау ата және Шырақ тас таулары, Балқаш көлі мен Бетпақдала шөлі туралы Қарағанды облысына байланысты аңыздар, мифтер және әңгімелер, Қарағанды және басқалары туралы аңыздар ұсынылды.

Өткізілген іс-шара соңында қатысушыларға «Kazah TV» телеарнасының «Қазақ жерінің аңыз-әңгімелері» циклынан «Ұлытау таулары туралы аңыз» деректі фильмі көрсетілді.

Comments are closed.