«СтрессOFF. Эмоциялар зертханасы» психологиялық тренингі

«СтрессOFF. Эмоциялар зертханасы» психологиялық тренингі

Кітапханада қиын өмірлік жағдайларды шешуді үйренгісі келетін жасөспірімдерге арналған «СтрессOFF. Эмоциялар зертханасы» атты тренинг өтті. Бұл тренингке «Әсем» балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты. Жайлы кітапхана қабырғасы балаларға көңілге жағымды тыныштық пен сенімділік атмосферасын сыйлады.
Психолог Самал Құдайбергенова балаларды ашық диалогқа шабыттандырды. Ол «Күйзеліс сіз үшін нені білдіреді?» – деген қарапайым сұрақтан бастады. Қолдарын көтеріп жасөспірімдер оқудағы ауырлық, достарымен қарым-қатынас және ересектердің тарапынан артылған үміттер туралы ой-пікірлерімен бөлісті.
Тренинг барысында терең тыныс алу, медитация, психодрама және сурет салу секілді түрлі әдістер қолданылды. Жасөспірімдер өз эмоцияларын дұрыс танып, оларды шығармашылық өнер арқылы білдіруді үйренді. Бірте-бірте балалардың көңіл-күйі орнығып, өз бойларынан жаңа нәрсе ашқандай болды.
Тренинг күйзелістен арылудың жолы ғана емес, сонымен қатар түрлі қиындықтарға толы әлемде пікірлес, одақтас адамдардан қолдау табуға мүмкіндік ашқандай болды. Кездесу соңында балалар жеңілдікті сезініп, кез келген қиындықты еңсеруге болатындығына сенімділік танытты.

Comments are closed.