Сырттай экскурсия

Сырттай экскурсия

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында бүгін кітапхана қызметкерлері шалғайда орналасқан №50 негізгі орта мектебінің 3-4 сынып оқушыларын Абай атындағы облыстық балалар кітапханасымен сырттай таныстыру жұмысын жүргізді.
Кітапханашылар кітапхана жұмысына тоқталып, үйірмелер мен клубтардың қызметі туралы айта келе, балаларды жаңа кітаптармен таныстырды. Іс-шара аясында мектеп оқушылары Абай Құнанбаевтың өлеңдерін, қара сөздерін жатқа оқып, білімдерін көрсетті.

Comments are closed.