«Тәуелсіздік дәуірі» кітабына тұсаукесер

«Тәуелсіздік дәуірі» кітабына тұсаукесер

29 наурызда кітапханада Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі. Эра Независимости» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өткізілді. Кітапта мемлекетіміздің негізі қаланған күннен бергі атаулы әрі айтулы оқиғалары топтастырылған.

Аталмыш іс-шараға модераторлары ретінде Қарағанды облыстық сотынының судьясы, тіл жанашыры Азбанбаев Марат Ақторғайұлы және «Болашақ» академиясының тарих пәнінің оқытушысы Алия Шоқан болды. Іс-шараға Қарағанды гуманитарлық колледжі және Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенттері қатысты. Шара барысында қатысушыларға Президенттің «Тәуелсіздік дәуірі» кітабына арналған бейнебаян көрсетілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі. Эра Независимости» кітабы Елбасының еліміздің жаңа тарихына және болашағына көзқарасын көрсетеді.

Тұсаукесер колледж студенттеріне тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуындағы негізгі кезеңдері туралы ақпарат беру мақсатында өтті. Себебі Мемлекет басшысының кітабында «Біздің азаматтарымыз, әсіресе жастарымыз бағдарымыздың не үшін және қалай айқындалғанын, Тәуелсіз Қазақстанның қандай жағдайда өмірге келіп, құрылғанын, оны қалыптастыруда қандай адамдардың маңызды рөл атқарғанын, сол кезде қандай оқиғалар болғанын білуге тиіс деп есептеймін. …», – деген болатын.

Comments are closed.