Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы

Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Әдеби кештің  мақсаты  оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу, ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, балалардың патриотизм сезімін қалыптастыру.

Іс-шараға №101 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушылары, №21 негізгі мектептің 7 сынып оқушылары мен мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқушылары қатысты.

Кеш барысында №101 мектеп-лицейінің оқушылары С. Құсайынов пен Ж.Сансызбай егеменді еліміздің Тәуелсіздігіне орай өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Ал, мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқушылары Н.Сайлау Құрманғазы «Балбырауын» күйін тартып берсе, Ж.Бейбутов Т. Молдағалиевтің «Туған ел» атты әнін нақышына келтіріп шырқады.

Сондай-ақ, «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.

Comments are closed.