Тарих аясындағы үш нышан

Тарих аясындағы үш нышан

4 маусым еліміздің өміріндегі өте маңызды күн болып табылады, өйткені 26 жыл бұрын нақты осы күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданып, біздің егемендігіміз бен тәуелсіздігіміздің басты дәлелі болды.

№1 гимназияның бастауыш сыныбының педагогы Екатерина Рент «Смайлики» жазғы лагерьдің балаларына арналған «Тарих аясындағы үш нышан» азаматтық сағатын өткізді.

Іс-шараға қатысушылар ресми рәміздерді әзірлеудің Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің қалыптасу тарихында ерекше орын алғанын білді. Жаңа нышандарды құруға барлық қазақстандықтар қатысты, бұл жеңіс пен жүлделер үшін күрес емес, бұл қазақстандық патриотизмнің жарқын айғағы болды.

Мемлекеттің Елтаңбасы, Гимні, Туы – бұл мемлекеттің бетбейнесі.  Бүкіл әлемде азаматтар өз назарын халық бірлігінің белгілері ретінде мемлекеттік нышандарға аударады.

Балалар бейнероликтерді тамашалап, одан Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің қашан және кімдердің жасағанын, олардың не үшін керек екенін, қалай қолданылатынын білді және барлығы бірге әнұранды орындады.

Алған материалдарын бекіту үшін «Бабалар жері – алтын бесік» интерактивті ойын ойнатылып, балалар ҚР мемлекеттік рәміздері және еліміздің тарихи өткені мен дәстүрлері туралы сұрақтарға жауап берді.

Іс-шара көпшілікпен жұмыс залында ресімделген «Мемлекеттік рәміздер –  ұлттық айшықты таңбасы» кітап көрмесінің алдындағы фотосессиямен аяқталды.

Comments are closed.