Телекөпір «Шәкәрім – ақын, тарихшы, композитор»

Телекөпір «Шәкәрім – ақын, тарихшы, композитор»

Кітапханада қараша айының 27 күні қазақ ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толуына орай «Шәкәрім – ақын, тарихшы, композитор» атты телекөпір Семей қаласының кітапханасымен бірлесіп өткізілді.

Шараға Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Ж. Ш. Жұмагелдин №17 ЖББОМ, №2 «Білім-инновация» лицей-интернаты, мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқушылары қатысты.

Аталмыш іс-шараға Семей қаласының кітапханасынан жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, ақын, аудармашы М. Р.Сұлтанбеков, журналист, ғалым, философия ғылымдарының кандидаты А. Қ.Омаров, абайтанушы, сазгер, қолөнер шебері А. Ахметжанов қатысты.

Сұлтанбеков Мұрат Рахымжанұлы Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Ләйлі-Мәжнүн» поэмаларын орыс тіліне аударып, орыс тілді оқырмандарға оқуға зор мүмкіндік туғызғаны жайында айтта кетті.

Омаров Асан Қайырбекұлы Шәкәрімнің туған жері мен өскен ортасы туралы толығырақ тоқталып өтті.

Арғынбек Ахметжанов Абайдың 45 өлеңіне, Шәкәрім ақының 2 өлең сөздеріне ән жазғаны жайында сөз қозғады.

Кеш барысында мамандандырылған музыка мектеп-интернатынан оқушылары А. Сәрсенбекова мен А. Амантай Шәкәрімнің сөзіне жазылған «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Анадан алғаш туғанда» әнін орындап берді.

№17 ЖББОМ-тің 9-10 сынып оқушылары Шәкәрім өлеңдерінен мәнерлеп үзінділер оқылып, «Абайдың ақын шәкірті Шәкәрім» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.

Comments are closed.