Учимся писать на латыни

Учимся писать на латыни

25 қаңтарда Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының қызметкерлеріне қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді насихаттау бойынша «Латынша жазып дағдыланамыз» атты тренинг өтті.

Арнайы қонақ ретінде Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығынан оқыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің әдіскері Ж.О. Мұхаметжанова қатысып, «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республиакасы Президентінің 2017 жылы 26 қазандағы №569 Жарлығына сәйкес бекітілген жаңа әліпби бойынша әзірленгені туралы түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ латын негізді әліпби бойынша қазақ тілі дыбыстарының мәнін білдіретін әріптердің үйлестікпен жазылу нормасы көрсетілді.

Comments are closed.