Волонтер жылы

Волонтер жылы

Президент жарлығымен биыл «Волонтер жылы» деп жарияланды.

Бұл бастамаға Қарағанды қаласының жастарыда алғашқылардың бірі болып үн қосты. Талапты жастардың атқарып жатқан істерін білу мақсатында
кітапхананың ұйымдастыруымен тамыз айының 25 күні  «Азамат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, волонтер Дәурен Рахымбектің қатысуымен Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфир өткізілді.

Диалог барысында әлеуметтік параққа жазылушылар  волонтерлердің рөлі және мақсаты туралы білді.Елге тегін қызмет көрсетіп жүрген еріктілер, ерікті болу үшін – табандылық пен мықты ерік-жігердің керек екенін айтады.      Дәурен әңгіме барысында бүгінгі таңда облыста орын алған төтенше жағдай уақытында қалалар мен аудандардағы мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарт адамдар үшін азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алып, жеткізіп беруде көмектескендері туралы айтты.Жағымды әңгімеде ерікті адам үйлесімді сауатты тұлғаны қалыптастыру үшін кітапханалар мен кітап оқудың маңыздылығы туралы өз пікірімен бөлісті. Байланыстар – 37.

 

odbconsole

Comments are closed.