Қытай мәдениеті мен әдебиетінің күні

Қытай мәдениеті мен әдебиетінің күні

Әртүрлі ұлт өкілдерінің өзара сыйластығы, толеранттылығы және диалогы негізіндегі қарым-қатынастың қажеттілігін жас ұрпақтың ұғынуын қалыптастыру мақсатында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы ақпан айында Қарағанды қаласының этномәдени орталықтарының күндерін жариялады.

Басқа халықтардың мәдениетімен, әдет-ғұрыптары және салт-дәстүрлерімен танысу әрқашанда қызықты.

9 ақпанда бірінші кездесу – Қытай мәдениеті мен әдебиетінің күні қытай фанариктерімен безендірілген кітапхана залында өткізілді.

«Достық» қытай ұлттық мәдени орталығы» ҚБ өкілдері – ҚарМУ «Халықаралық қатынастар» факультетінің 4 курс студенттері Светлана Кочиеру, Әділ Шабақбаев және дүние жүзі тарихы мен халықаралық қатынастар кафедрасының доценті Бибігүл Аралбайқызы Досова, сонымен қатар «Maison des talents» Дарындылар үйі жанындағы қытай тілін үйрету курсының жетекшісі Ұлпан Төлеуқызы Аязбай – кітапхана оқырмандарының қытай халқының мәдениетімен танысуына көмектесті.

«№1 гимназия» КММ 7 сынып оқушылары қонақтардың Аспан асты елі (Қытай) туралы әңгімелерін қызыға тыңдады. Ұ.Аязбай қатысушыларға қытай желпуіштерін, сауат ашу дәптерін, қытай тіліндегі А.Де Сент-Экзюперидің «Маленький принц» кітабын көрсетті. Оқытушы жеке кітапханасынан қолтаңбасы бар ағылшын-қытай сөздігін кітапханаға сыйлыққа берді.

Оқушыларға күріштен жасалған қағаздағы қытай нақылы көрсетілді, оқытушы Ұлпан Төлеуқызы балаларға қарапайым иероглифтерді қалай жазатынын көрсете отырып, олардың мағынасын түсіндірді.

Танымдық бағдарламаға қатысушылар заманауи қазақ әншісі Димаш Құдайбергеновтің орындауындағы қытай әні арқылы қытай сөздерін тыңдады.
Кітапханашылар Қытай Республикасы туралы үлкен кеңінен ашылған «Достық көкжиектері» кітап көрмесін ұйымдастырды. Оқырмандардың назарына ұсыну үшін кітапхана қорындағы қытай авторларының кітаптары, сонымен қатар қытай халқының ертегілері, аңыз-әңгімелері қойылды.

Comments are closed.