Шiлде 3, 2018 Қызықты ғылым. Магниттік құбылыстар By odb-abai inЖаңалықтар Шілде айының 3 күні «Қызықты ғылым. Магниттік құбылыстар» танымдық күні аясында «Смайлики» оқу орталығының «You can» атты мектеп жанындағы лагер және №3 гимназия, №11 негізгі орта мектептің оқушыларының қатысуымен шеберлік сыныбы өткізілді. Балалар ғалымдарға ұқсап, магнитті пайдалана отырып, тәжірибе жүргізіп үйренді. Аталмыш шарада оқушылар кез-келген қозғалыстағы заряд айналасында магнит өрісін тудыратынын, сол себепті зарядталған сымның айналасында магнит өрісі болатыны туралы білді. Магниттің көмегі арқылы шағын темірлерді жапсырып көрді. “Магнит” атты танымдық мультфильм тамашалады.