Жүсіпбек Аймауытов – тарихи дәуірдің символы

Жүсіпбек Аймауытов – тарихи дәуірдің символы

Көпжанрлы жазушы, ғалым, ағартушы, педагог Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 130 жыл толуына орай кітапхана оқырмандары үшін «Жүсіпбек Аймауытов – тарихи дәуірдің символы» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Жүсіпбек Аймауытов ұлттың рухани әлеуетіне зор үлес қосты. Ол басқаларды шексіз дарынымен тәнті етті, тек сөзді ғана меңгеріп қоймай, керемет актер, режиссер, композитор болды.

27 ақпанда №45 гимназияның оқушылары Ж.Аймауытовтың көркем мұрасымен танысты, ұлы қайраткердің тарихы мен өмірбаяны парақтарына үңіліп, ұсынылған кітаптар, газет пен журнал мақалалары арқылы жазушының аудармашылық дарыны туралы да білді.

Comments are closed.