Жастарға арналған кәсіподақтық лагерь

Жастарға арналған кәсіподақтық лагерь

Қарағанды облысындағы «Open minded» жастардың ойлау қабілетін дамытумен, инновацияға бейімділігін және жаңа білім мен технологияны іздестіру мақсатында 19-20 қаңтарда Теміртау қаласында «Космонавт» демалыс базасында «KELESHEK-2019» жасөспірім кәсіптік лагері ұйымдастырылды.

Біздің әріптестерімізден Мухашева Назерке және Зейнел Жайна қатысты.

Лагерде жұмыс барысында өзекті тақырыптарға әртүрлі семинарлар, тренингтер, коучингтер, тимбилдингтер өткізілді. Жастар өзін-өзі таныстыру технологиясын, сөйлеу шеберлігін, іс-шараларды дайындауды үйреніп, жастарды қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалармен танысты.

Comments are closed.