«Жазғы демалысқа – жақсы кітаппен»

«Жазғы демалысқа – жақсы кітаппен»

«Жаз. Балалар. Кітап» жазғы алаңында 11 шілде күні «Жазғы демалысқа – жақсы кітаппен» – атты ұранмен көрме-жарнамасы өтті. Шараға №44, 64 мектеп жанындағы жазғы лагерінің оқушылары қатысты.

Балалар өздерінің оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісті, олар өздерінің қаншалықты көп оқитынын «Сүйікті кітап кейіпкерлерінде қонақта» атты викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы дәлелдеді.

Іс-шараның жалғасы Қазақстандық балалар жазушысы Ағила Сауранның қызықты ертегілерін талқылаумен өтті.

Балалар бір – бірімен әңгімелесіп, журналдар қарап, қызықты кітаптар оқып, өздерінің қиялдарын асфальтқа сурет салу арқылы жеткізді.

Comments are closed.