Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға қызмет көрсету бөлімі жыл сайын шамамен төрт мыңға жуық жас оқырманды қабылдайды. Олар үшін кітап – білім мен қиялдың үлкен әлеміне бастайтын алғашқы жолсерік. Жыл ішінде бөлімде 70 мыңнан астам кітап беріледі, ал 54 мыңға жуық келу саны кітапханаға деген балалар мен ата-аналардың тұрақты қызығушылығын көрсетеді. Бөлімнің кітап қоры 40 мыңға жуық дананы құрайды. Онда танымдық энциклопедиялардан бастап көркем әдебиет пен заманауи балалар кітаптарына дейінгі әртүрлі тақырыптағы басылымдар сақталған.
Бөлімде балалардың қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған үйірме және клуб жұмысы ерекше орын алады. Мұнда бірнеше тұрақты шығармашылық бірлестіктер жұмыс істейді: ойын арқылы ағылшын тілін үйрететін «Веселый английский» үйірмесі; көркем ойлауды дамытатын «Шуак» шығармашылық студиясы; қолөнер дағдыларын қалыптастыратын «Шеге мен балға» шеберханасы; сондай-ақ туған өлкенің тарихы мен мәдениетімен таныстыратын «Жәдігер» өлкетану клубы.
2017 жылы бөлімде ерекше тартымды кеңістік – «Күншуақ» интерактивті бөлмесі ашылды. Бұл жерде түрлі іс-шаралар, танымдық кездесулер мен шығармашылық сабақтар өтеді. Сонымен қатар, бос уақытта балалар ата-аналарымен бірге жайлы атмосферада кітап оқып, демалып, еркін қарым-қатынас жасай алады. Бөлме әр бала өзін жайлы, тыныш әрі шабыттанған күйде сезінуі үшін арнайы жасалған.
![]() |
Бөлім меңгерушісі Черникова Ирина Николаевна |
![]() |
Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімнің кітапханашысы Абулгазинова Бахыт Мамбетовна |
![]() |
Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімнің кітапханашысы Вольф Ольга Ивановна |
![]() |
Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімнің кітапханашысы Махаева Ермек Жаксылыковна |
![]() |
Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімнің кітапханашысы Болатбекова Күміс Ерланқызы |





