Жаңалықтар

Интерактивті оқулар «Қазақстанның мифтері мен аңыздары»

Бүгін біздің кітапханамызда «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 6-сынып оқушылары О. Жанайдаровтың «Қазақстанның мифтері мен аңыздары» атты шығармасы бойынша интерактивті сабаққа қатысты. Балалар қазақ мифологиясымен және «Шәйтанкөл», «Баянауыл», «Балқаш көлі» т.б аңыздарымен танысып олардың сырын зерттеді. Сабақ соңында оқушылар Kahoot ойыны арқылы алған білімдерін тексеріп, мифтер мен аңыздарға қатысты сұрақтарға белсенді жауап берді.

Интерактивті оқулар «Қазақстанның мифтері мен аңыздары» Read Post »

Жаңалықтар

«Сен — біздің алғашқы оқырманымыз» акциясы

Жаңа жылдық мерекелерден кейін кітапхана жұмысының алғашқы күнінде дәстүрлі түрде «Сен — біздің алғашқы оқырманымыз» акциясы өтеді. Бұл күні біз жылдың алғашқы оқырмандарын — белсенді, ізденімпаз әрі кітапты шын сүйетін жандарды ерекше ықыласпен құрметтейміз. Дәстүрлі түрде алғашқы оқырмандарға естелік медальдар мен сыйлықтар тарту етіледі. 2026 жылы алғашқы оқырман атанып, медаль иегерлері болғандар: Македонец Анастасия, Мұғыйын

«Сен — біздің алғашқы оқырманымыз» акциясы Read Post »

Жаңалықтар

«Қарағанды облысының белгілі мерейтой иелері» кітап көрмесі

Кітапханада 2026 жылы мерейтойлары атап өтілетін Қарағанды облысының тумаларына арналған «Қарағанды облысының белгілі мерейтой иелері» атты өлкетану бағытындағы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қазақ және аймақ мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті қайраткерлердің еңбектері мен олар туралы зерттеу кітаптары қойылды. Көрменің негізгі тұлғаларының бірі — Алаш қозғалысының көсемі, мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, ғалым Әлихан Бөкейханов.

«Қарағанды облысының белгілі мерейтой иелері» кітап көрмесі Read Post »

Жаңалықтар

Корей тілін үйрету сабағы

Әр жексенбі күні кітапханада корей тілін үйрету сабақтары өтеді. Кейбір жасөспірімдер корей әндері мен телехикаяларына қызығып, сол арқылы тілді меңгеріп, елдің мәдениетін тереңірек түсінеді. Ал басқалары өз болашағын ойлап, Кореяның әлемдік экономикада жетекші орынға ие екенін ескеріп, тіл білудің халықаралық компанияларда жұмысқа орналасуда қосымша артықшылық беретініне назар аударады. Біздің сабақтарымызда зерігу мен біртектілікке орын жоқ.

Корей тілін үйрету сабағы Read Post »

Жаңалықтар

«Қала картасындағы кітапхана» экскурсиясы

«Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушылары үшін кітапханада мазмұнды әрі қызықты экскурсия ұйымдастырылды. Шара барысында оқушыларға кітапхана қорындағы жаңа әдеби кітаптар таныстырылып, әртүрлі шығармаларға қысқаша шолу жасалды. Балалар таныстырылған кітаптар туралы пікір алмасып, өз әсерлерімен бөлісті. Ерекше назар жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» атты кітабына аударылды. Шығарманың тақырыбы мен мазмұны туралы қысқаша мағлұмат беріліп,

«Қала картасындағы кітапхана» экскурсиясы Read Post »

Scroll to Top