Жаңалықтар

«Ғажайып қала» инсталляциясы

Абай атындағы кітапханада жылы әрі мерекелік көңіл-күй орнады. Кітап сөрелерінің ортасында музыкант әрі суретші Валерий Роголев «Ғажайып қала» атты ерекше инсталляцияны көпшілік назарына ұсынды. Кітапханаға келген «Еркетайым» балабақшасының бүлдіршіндері қуанышқа бөленіп, айналаны шаттыққа толтырды. Балалардың көздеріндегі қуаныш жақындап келе жатқан мерекенің әсерін аңғартты. Балалар ертегі кейіпкерлері мен жаңа жылға байланысты әңгімелерді қызығушылықпен тыңдады. Олардың күлкісі […]

«Ғажайып қала» инсталляциясы Read Post »

Жаңалықтар

«Икигай» кітабын талқылау

Бүгін кітапханамызда Ж.Қ. Букенов атындағы Қарағанды банк колледжінің 1 курс студенттері «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Кен Моги жазған «Икигай» кітабын талқылады. Студенттер өз ойлары мен білімдерімен бөлісіп, өмірлік мақсат пен рухани дамудың құпиялары туралы пікір алмасты.

«Икигай» кітабын талқылау Read Post »

Жаңалықтар

«Қар ұшқыны» шеберлік сабағы

28 желтоқсанда кітапханада «Қар ұшқыны» атты шеберлік сабағы өтті. Бұл шара шығармашылыққа толы, көңілге қуаныш сыйлайтын нағыз мереке болды. Балалар ілгішпен тоқудың қызықты әлеміне еніп, жіптің түрлерімен, құралдарымен және тоқудың негізгі тәсілдерімен танысты. Әр қатысушы өз қар ұшқынын жасауда барын салды. Балалар тек шыдамдылық пен зейіндерін ғана емес, қиялын да танытып, қарапайым жіптерді нағыз өнер

«Қар ұшқыны» шеберлік сабағы Read Post »

Без рубрики, Жаңалықтар

«Ғажайып қала» инсталляциясы

Жаңа жыл жақындап келеді. Кітапханамызда жаңа жылдық шыршамыз жарқырап, түрлі-түсті шамдар жағылды, ал сиқырлы қала өз оқырмандарын тағатсыздана күтуде. Біздің досымыз Валерий Роголев өзінің ерекше инсталляциясымен балалар мен ересектерді тағы да таңғалдырмақ. Келіңіздер, бізбен бірге жаңа жылдың ғажайып күйін сезініңіздер!

«Ғажайып қала» инсталляциясы Read Post »

Жаңалықтар

«Кітапкиномания» клуб

Кітапханада «Кітапкиномания» клубының жылдық қорытынды басқосуы өтті. Бұл жиын алда келе жатқан жаңа жыл мерекесі қарсаңында қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, А. Борматовтың «Zолушка» атты заманауи кинокомедиясын тамашалауға мүмкіндік берді. Фильм Шарль Перроның классикалық ертегісінің бүгінгі заманға лайық нұсқасы. Онда жақсы өмірді аңсаған, аймақтан шыққан жас қыздың тағдыры баяндалады. Дәстүрлі нұсқадан өзгешелігі – шығармада қазіргі

«Кітапкиномания» клуб Read Post »

Scroll to Top