«Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасы

«Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасы – білім алушылардың ғылыми-танымдық қабілеттерін дамытуға және ғылымға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған үйірме. Үйірме аясында қатысушылар ғылыми-көпшілік әдебиеттермен жұмыс жүргізіп, қарапайым зертханалық тәжірибелер арқылы зерттеу дағдыларын қалыптастырады.
Зертхананың міндеті – балаларға ғылымның қызықты әрі тартымды екенін көрсету, жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығын ояту, сондай-ақ ғылыми-көпшілік әдебиеттерді оқуға тарту.
Зертхана бағдарламасы 14 практикалық сабақтан, атап айтқанда тәжірибелер мен эксперименттерден тұрады. Балаларға арналған тәжірибелер қарапайым әрі түсінікті болып келеді. Сонымен қатар, эксперименттер кітапхана тарапынан тегін ұсынылатын материалдар негізінде жүргізіледі. Зертхана бағдарламасын әзірлеу барысында келесі қағидаттар басшылыққа алынады: жас ерекшеліктерін ескеру, барлық балаларды белсенді әрекетке тарту, қолжетімділік пен көрнекілік, теория мен практиканың өзара байланысы.

Өткізу уақыты: әр айдың 2 жұмасы
Қатысушылар жасы: 8-13 жас
Форматы: зертханалық жұмыстар

Scroll to Top