ЕСТАЙ МЫРЗАХМЕТОВ – 95 ЖАС

Естай Мырзахметов (1927-2008) – қазақстандық жазушы, публицист, қоғам қайраткері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы.
Е. Мырзахметов Ақмола облысы Щучинск ауданы Жаңажол ауылында туған.
Шығармашылық қызметін жас кезінен, Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында бастады. Оның алғашқы әңгімелері мен очерктері «Пионер» балалар журналының беттерінде жарық көрді. Автордың ең белгілі жазбаларының қатарында «Медет» («Опора»), «Он бес жыл өткен соң» («Пятнадцать лет спустя»), «Туған күн» («День рождения») сияқты және т.б. шығармалары бар.
Жазушы шығармашылығында тарихи тақырып ерекше орын алады. Ол Абылай мен Кенесары хандардың, Бөгенбай мен Наурызбай батырлардың, Тезекбай, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай ақындар мен композиторлардың өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеушілік сипаттағы шығармалар циклын жасады. Е.Мырзахметовтың тікелей көмегімен Шоқанның атасы – Уәли ханның жерленген жері табылып, құлпытастың жазуы шешілді.
Е. Мырзахметов аудармашы ретінде де белгілі. Ол белгілі дат жазушысы Мартин Андресен-Нексенің «Жанетт» романын, Ханс Христиан Андерсеннің ертегілерін, татар жазушысы Шәмил Усмановтың әңгімелерін қазақ тіліне аударды.

Абай атындағы балалар кітапханасының қорындағы Естай Мырзахметовың шығармалары: