САПАРҒАЛИ БЕГАЛИННІҢ «КӨКСЕГЕННІҢ КӨРГЕНДЕРІ» ПОВЕСІНЕ 75 ЖЫЛ

Сапарғали Ысқақұлы Бегалин (1895–1983) – ақын, жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Ол 1895 жылы қараша айының 24 жұлдызында ШҚО Абай ауданы Дегелең ауылында дүниеге келген. Халықтар достығы орденімен, екі мәрте «Құрмет белгісі» орденімен және КСРО төсбелгілерімен марапатталған.
Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Сапарғали Бегалиннің «Көксегеннің көргендері» повесі жас кейіпкеріміз Көксегеннің өмірге, жалпы табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасы арқылы халқымыздың салт-дәстүрі мен сол кезеңдегі тұрмыс жағдайынан сыр шертеді. Көркем шығармада Ұлы Отан соғысынан кейінгі Алтай шыңдарының етегінде орналасқан Берел колхозының тыныс тіршілігі суреттеледі. Ауыл халқының жаңа кезең – шаруашылықты көтерудегі ерен еңбектері туралы әңгімеленеді. Сабақтан бос уақытта Көксеген, Өтеш пен Зарқұмар үлкен ағаларымен қосылып шөп шабу, егін жинау басқа да жұмыстар жасайды. Ол кезде жастар елгезек, епті, еңбексүйгіштігімен ерекшеленген. Көксеген осы ауыр еңбекте жүріп, Алтай шыңдарының етегіндегі табиғат өзгерістерін байқап жүретін.

Бегалин, Сапарғали. Көксегеннің көргендері [Мәтін] / С.Бегалин. – Алматы : Атамұра, 2007. – 280 б.