«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 5-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес 2024 жылғы 23 сәуірден бастап 22 мамырға дейінгі кезеңде Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмысы жүргізіледі.
Анықтама:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдіктеріне ішкі талдаудың негізгі мақсаты мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстың сапасын арттыру арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Ішкі талдаулар халық пен бизнестің сезімтал меселесіндегі тәуекелдерді анықтап, оны шешуге бағытталған.
Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасына қатысты проблемалық мәселелер және ұсыныстарыңыз болса 8(7212) 424771, 412325 телефон нөміріне хабарласыңыздар немесе odb_abai@mail.ru электрондық поштасына жолдаңыздар.