Feb 19, 2018 «Жолдау – жаңғырудың жаңа жолы» By odb-abai inNews Кітапханада №68 Мектеп-интернат-бала бақша жалпы білім беру кешенінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын насихаттау мақсатында «Жолдау – жаңғырудың жаңа жолы» атты мерзімді басылымдарға шолу өтті. Іс-шара барысында оқушыларға Елбасы жолдауын іске асыру мақсатында жүктелген 10 нақты міндеттері түсіндіріліп, республикалық және жергілікті газеттерде, «Мәдениет», «Мөлдір бұлақ» журналдарында жолдау аясында жарық көрген мақалаларға шолу жасалды.