Етекбаев, Мұхаметжан. Алатау ертегілері / М. Етекбаев ; сур. А. Айтжанов. – Алматы : Өнер-21ғасыр, 2023. – 248 б. : түс. сур.

Сайран өзек салқам дала, сандал тау сахара шөл төрінде қиядан құс қайырып, күн кешкісін керуендетіп қайту қашанда қазақтың қанында бар. Қанда бар қасиет-ғұрыпты біз қаншалықты сақтап келеміз, қаншалықты насихаттап, ұрпаққа ұғындырып келеміз. Әсіресе, қолдан ұшырар қыран құстың қасиетін қаншалықты танып білдік екен? Міне, осы бір тектес жұмбақ-сауалдар турасында М.Етекбаевтың «Алатау ертегілері» ертекті ойдан ес-жадыға сақтар ерен де ерен, салауатты да сауапты жауаптар береді.

Ақыпбекұлы, Өтепберген. Құпия оқулық : өлеңдер, әліпбилік мазақтамалар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, сұрамақтар мен ертегілер / К. Ақыпбекұлы. – Алматы : Баянжүрек, 2023. – 400 б. : түс. сур.

Әр әріптің әлі де ашылып болмаған өз кұпия сыры жетерлік. Бір қызығы әріптер адам ағзасымен тығыз байланысты екен. Осы біз қатты куанғанда не қорыққанда: «А-а!..», «О-о!..» – деп неліктен белгілі бір әріптерді, сөздерді ауызға аламыз? Бұл да жұмбақ…
Белгілі балалар ақыны Өтепберген Акыпбекұлы ағаларыңның осы кітабы да әріптер, әліпбилік сөз түзілімдері туралы. Бір ғана әріптен басталатын сөздерді түзіп қысқа өлең, жаңылтпаш, жұмбақ қана емес, ұзақ та қызғылықты ертегі жазуға да болады екен. Нанбайсың ба? Онда осы кітапты оқып көр, содан соң әріптер әлемі, сөз құдіреті туралы ойларың толыға, молыға түспесе, көреміз!..

Тонгар, Хатидже Кюбра. Сен білмейтін 50 дерек. Ғарыш / Х. К. Тонгар; ауд. Ф. Рамет ; сур. Я. Гиргин. – Астана : Фолиант, 2023. – 64 б. : сур.

Сәлем, балақай! Бұл кітап саған арналып жазылған. Кітаптан қоршаған орта, ғарыш, адамзат жаратылысына қатысты ең күрделі сұрағыңның өзіне жауап табасың.
Неге есінейміз? Неге түс көреміз? Жылан неге тілін шығарады? Жануарлар қай тілде сөйлейді? Күзде жапырақтар неге сарғаяды? Ай тығылыспақ ойнай ма? Жұлдыздар қалай жарқырайды?
Қане, балақай! Әлемнің жаңалықтарын осы кітаптармен бірге ашуға дайынсың ба?

Менің үйім : баланы дамытуға арналған танымдық тапсырмалар / құраст. Н. Қалмұхамбетқызы. – Астана : Регис-СТ Полиграф, 2023. – 6 б. : түс. сур.

Баланың ой-өрісін дамытуға арналған танымдық кітапшалар. Бұл кітапшалар кішкентай бүлдіршіндерді үй жануарлары және олардың төлімен, сонымен қатар әртүрлі мамандықтардың қыр-сырымен, жыл мезгілдерімен, әр мезгілде киетін киім-кешектің түрлерімен және тұрмыстық және асүй заттарымен таныстырады. Кітапша баланың ұсақ қол моторикасын дамытатын түрлі тапсырмалардан, 12 жапсырмадан және жұмбақтардан құралған.

Әлімбаев, Мұзафар. Алақай, балақай : өлеңдер жинағы/М. Әлімбаев. – Алматы: Балалар әдебиеті, 2023. – 288 б.: сур.

Кішкентай оқырман қауым қазақ балалар әдебитетінің классигі Мұзафар Әлімбаев шығармаларымен мектеп табалдырығын аттаған бетте-ақ ұшырасады. Олар ақын шығармаларын оқи жүріп жетіледі. Бұл кітапқа ақынның балаларға арналған таңдаулы туындылары іріктеліп алынды.

 

Мұрағат