Archive Наурыз 2018

«Тәуелсіздік дәуірі» кітабына тұсаукесер

29 наурызда кітапханада Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі. Эра Независимости» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өткізілді. Кітапта мемлекетіміздің негізі қаланған күннен бергі атаулы әрі айтулы оқиғалары топтастырылған. Әрі қарай оқу

«Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде»

Наурыз айының 27-сі күні кітапханамызда ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында «Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде» атты ақпараттық слайд таныстырылым өткізілді. Әрі қарай оқу

«Сиқырлы сандық»

№64 НОМ 4 сынып оқушылары үшін ҚР Жазушылар одағының мүшесі, журналистер мен кино қызметкерлері Ассоциациясы сыйлығының лауреаты Орынбай Жанайдаровтың «Ежелгі Қазақстанның аңыздары», «Ежелгі Қазақстанның мифтері» және «Ежелгі Қазақстанның әңгімелері» кітаптары бойынша «Сиқырлы сандық» медиа-таныстырылымы өткізілді. Әрі қарай оқу

«Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі»

Наурыз айының 19 күні кітапхана қызметкерлері қазақ тілін латын қарпіне көшіру туралы негізгі тезистерімен «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» атты ақпараттық флаерлар дайындап оны тарату акциясын ұйымдастырды. Әрі қарай оқу

Кітап-тарих, шежіре

Кітапханада наурыз айының 14-і күні №5 ЖББОМ 8 сынып оқушыларның қатысуымен «Алтын қалам» мен «Дарабоз» әдебиет бәйгесінің жеңімпазы, жазушы Төкен Әлжантегі және журналист, өлке тарихын зертеуші Төрехан Майбас пен шығармашылық кездесу кеш өткізілді. Кеш қонағы Т. Әлжантегі бірнеше кітаптың авторы, жазушы, драматург, ақын және сазгер ретінде Қазақстанға ғана емес, шетелдерге де танымал, халықаралық Махмұд Қашқари атындағы сыйлықтың, Қазақстан Жазушылар одағының Төлеген Айбергенов атындағы сыйлығының иегері. Жазушы өз ойларын ортаға салдып, «Жаңаарқа вальсі» әнінің шығу тарихына тоқталды. Әрі қарай оқу

Ертегілер және олар ғана емес …

14 наурызда № 16,66, және 88 ЖОББМ бастауыш сынып оқушылары мен әдебиет саласындағы халықаралық және республикалық сыйлықтардың лауреаты, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, «С.Я.Маршактың алтын қаламы» медалінің иегері, балалар жазушысы Елена Пономаренкомен «Жолдан жолға» шығармашылық кездесуі өткізілді. Әрі қарай оқу

Кітап менің сенімді досым

Балалар кітабы апталығының жалғасы ретінде наурыз айының 13-і күні “Кітап менің сенімді досым” атты танымал кітаптар мерейтойында Ж. Аймауытовтың “Ақбілек” романы және М. Әуезовтің “Көксерек” әңгімесі желісінде көркемсөз іс – шарасы ұйымдастырылды. Әрі қарай оқу