Archive Мамыр 2018

Тарих толқынындағы тағдыр

1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығы бойынша, 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды, ал ҚР үкіметіне жыл сайын 31 мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған іс-шаралар әзірлеп өткізу тапсырылған. Осының бір айғағы ретінде біздің кітапханада «Тарих толқынындағы тағдыр» атты тарих сағатын өтті. Әрі қарай оқу

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні

21 мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Мереке күні дәстүрлі түрде мәдениет және өнер қызметкерлеріне арналған Қарағанды облысы әкімінің сыйлығы табыс етіледі. Әрі қарай оқу

«Латын әліпбиі жаңа көшке бастар керуенбасы»

Кітапхана мамыр айының 18 күні қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшуін насихаттау мақсатында қаламыздың №6 ЖББОМ 5 сынып оқушыларына арнап “Латын әліпбиі жаңа көшке бастар керуенбасы” ақпараттық сағат өтті. Әрі қарай оқу

Жемқорлық-індет, жою –міндет

2018 жылдың 13 мамыр күні кітапханада «Жемқорлық – індет, жою- міндет» атты ақпараттық сағаты өткізілді.Шараға «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілері және «Бәйтерек» шипажайында ем алушы балалар қатысты. Әрі қарай оқу

Бар әлемнің ертегілері

Кітапхана әр айдың екінші жексенбісінде кішкентай пайдаланушылар және басқалар үшін «Дауыстап оқу» іс-шарасын өткізеді.Дауыстап оқу – бұл ересектер мен балалар арасында қарым-қатынас жасаудың бір түрі және шығармашылық Оқырманды тәрбиелеудің тиімді әдісі. Әрі қарай оқу

Ағылшын тілі сабағы

13 мамырда оқырмандар, ағылшын тілімен әуестенетіндер үшін «English through games» үйірмесінің кезекті сабағы өткізілді.

Балалар тіл дамыту дағдыларын жетілдірді, сурет салды, түрлі түсті қарындаштардың, тақырыптық кәртішкелердің, түрлі-түсті қағаз бен фигуралардың көмегімен «Spring», «Colors», «My school bag» тақырыптарында жаңа сөздерді пайдалануға белсене қатысты.

Бүгінгі ұландар – ертеңгі ел қорғаушылар

Кітапханада  Отан қорғаушылар күніне орай №48 НОБ 9 сынып оқушыларына «Бүгінгі ұландар – ертеңгі ел қорғаушылар» атты патриоттық сағат өткізілді. Оқушыларға Бейбіт еліміздің құрыш қалқаны Қарулы Күштер туралы түсінік беріліп, Отан қорғау ісі әркімнің ең басты міндеті екені туралы әңгіме қозғалды. Әрі қарай оқу

Партизан даңқының соқпағымен

1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында №45 гимназияның 4 «А» және «В» сыныбының оқушыларымен Жеңіс күніне және белгілі қазақ жазушысы, барлаушы, партизандар қозғалысының қатысушысы – «Партизан Васяның»- Қасым Қайсеновтің 100-жылдығына арналған «Партизан даңқының соқпағымен» естелік кеші өткізілді. Әрі қарай оқу