Archive Қазан 2018

Кітапханаға қош келдіңіз!

Кітапхана өз қабырғасында №3 гимназияның 7 сынып оқушыларын қуана қарсы алды. Көптеген балалар Абай атындағы балалар кітапханасына алғаш рет келді. Кітапханашылар білім ордасының барлық бөлімдеріне танысу экскурсиясын ұйымдастырып, кітапхана тарихын баяндады, жаңа кітаптармен таныстырды. Әрі қарай оқу

«Еңбек адамы» фотомарафонының жеңімпаздары

2018 жылғы 29 қазанда Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының көрме залында «Қазақстандық салалық  мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Қарағанды облыстық филиалының кәсіподағы ұйымдастырған «Еңбек адамы» атты фотомарафонның қорытындысын шығару салтанаты  өткізілді. Әрі қарай оқу

Балалар қаламгерлерінің қамқоршысы

Кітапханада қазан айының  24 күні  балалар жазушысыШәкен Күмісбайұлының туғанына  75 жыл толуына орай«Балалар қаламгерлерінің қамқоршысы» атты телекөпір Алматы қаласындағы С. Бегалин атындағы орталық қалалық балалар кітапханасымен бірлесіп өткізілді.

Шараға Қарағанды гуманитарлық колледжінің студенттері және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы  А. С. Мукашева №93 гимназия, №5, 74 ЖББОМ, №7 Ж.Жабаев атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 7-8 сынып оқушылары қатысты.

Телекөпірдің бір ерекшелігі – балалар жазушысының мектеп оқушыларымен жүзбе жүз сұхбат жүргізуінде. Қазіргі таңда қазақ прозасы майталмандарының көзі тірісінде осындай кездесулер өткізу қуантарлық жағдай. Қаламгердің уақытында бағалануы – ол оның шығармашылық жолындағы дарындылығы. Талантты жазушымыз Шәкен Күмісбайұлы қазақ әдебиетінде өзіндік орын алатын дарын иесі.

Балалар жазушысы Шәкен Күмісбайұлыөз шығармашылығы жайлы көптеген сырлы әңгімелерін айтып жас оқырмандармен сыр бөлісті. Іс-шара барысында «Балалар қаламгерлерінің қамқоршысы» атты презентация көрсетіліп, жазушының шығармалары таныстырылып өтті.

Аталмыш шара барысында №5 ЖББОМ және №7 Ж. Жабаев атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 7-8 сынып оқушылары «Батырлар жырынан» мәнерлеп үзінді оқыды. Оқушыларға арналып «Балалар жазушысы» атты викториналық ойыны өткізіліп, «Балалықшақ – балдаурен» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.

 

Қуандық Нүрпеисовтің қатысуымен «Жетістік формуласы» бенефис-шоуы Сәлем, Кітап қалашығы

23 қазанда металл өңдеумен және машина жасаумен айналысатын «Іңкәр-1» ЖШС-нің негізін қалаушы, бизнесмен Қуандық Балтабайұлы Нүрпейісовтің және №3 гимназия мен № 64 мектеп оқушыларының, Қарағанды қаласының жоғары политехникалық колледжі студенттерінің қатысуымен кезекті «Жетістік формуласы» бенефис-шоуы өткізілді. Әрі қарай оқу

Біз толеранттылық үшін

18 қазанда Ғ.Мұстафин атындағы № 83 мектептің 3 «В» сынып оқушылары үшін кітапхана бойынша таныстыру экскурсиясы және Рухани келісім күніне арналған «Біз толеранттылық үшін» мейірімділік сабағы өткізілді. Әрі қарай оқу

Рухани келісім – халық бірлігіне бастар жол

18-і қазан Рухани келісім күніне арналып «Рухани келісім – халық бірлігіне бастар жол» атты таныстыру сағаты өтті.

Іс-шараға Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 5-ші сыныптың оқушылары қатысты. Оқушыларға «Рухани келісім тұғыры» деректі фильмі және «Рухани келісім – татулық тірегі» атты ойын слайд көрсетілді.

Сондай-ақ балалар шара соныңда кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысып саяхат жасады.

Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру Байқаудағы жетістік

11 қазан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы кітапхана ұжымында талқыланды. Әрі қарай оқу

Салауатты елде, мен де салауаттымын

№3 гимназиияның 1 «в» оқушылары үшін АМЖК қалалық орталықтың педиатр дәрігері Лариса Петровна Агафоновамен бірлесе 1 қазанда «Салауатты елде, мен де салауаттымын» денсаулық сағаты өткізілді. Әрі қарай оқу