Archive Қараша 2018

Ұлы даланың жеті қыры

30 қараша күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 21 қарашадағы “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласы кітапхана ұжымы талқылады. Басшының орынбасары ұжымға Қ. Қалиева «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласының жалғасы екенін түсіндіре отырып, “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласын таныстырып өтті. Әрі қарай оқу

Телекөпір «Шәкәрім – ақын, тарихшы, композитор»

Кітапханада қараша айының 27 күні қазақ ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толуына орай «Шәкәрім – ақын, тарихшы, композитор» атты телекөпір Семей қаласының кітапханасымен бірлесіп өткізілді. Әрі қарай оқу

Қазақ жазауының тарихы

Қарашаның 22 күні қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшуін насихаттау мақсатында қаламыздың №54 ЖОББ мектебінің 3 «Ғ» сынып оқушыларына арнап «Қазақ жазауының тарихы» ақпараттық сағаты және «Мен үйренемін…» атты ойын бағдарламасы өткізілді. Әрі қарай оқу

«Білгенге маржан»

Кітапханамызда қараша айының 21 күні оқушыларды анықтамалық әдебиеттер, энциклопедиялар және сөздіктер арқылы білімдерін жетілдіре түсу мақсатында А.Байтұрсынов атындағы №41 мектеп-гимназия оқушыларына «Білгенге маржан» атты библиографиялық сабағы өтті.

Сабақ барысында оқушылар анықтамалық әдебиеттер, әртүрлі энциклопедиялар және түрлі сөздіктермен танысып, олармен қалай жұмыс жасау керектігі жайлы ақпараттар алды. Библиографиялық сабақ соңында осы әдебиеттерді дұрыс пайдалану арқылы балалармен «Кім жүйрік» атты библиографиялық ойыны ойнатылды. Оқушылар бұл ойында «Қызылдар» және «Көктер» командасы болып екі топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды кітап көрсетіліміне қойылған (20 кітап) әдебиеттерді пайдалану арқылы жылдам орындап, білімдерін шындай түсті. Ойын соңында екі команданың ұпай сандары саналып жеңіске жеткен топ анықталды. «Көктер» командасына «Жүйрік топ» дәрежесі берілді.