Archive Наурыз 2019

«Жетістік формуласы» бенефис шоуы Мақпал Жүнісовамен диалог

2019 жылғы 21 наурызда «Saryarqa» арнасында «Жетістік формуласы» бағдарламасының телевизиялық түсірілімі болды.
Біздің аттас жобамыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іс-шараларының республикалық тізбесіне енгізілген. Бағдарлама 29 наурызда эфирге шықты. Әрі қарай оқу

«Өлеңім – Қарағандым» мәнерлеп оқу байқауы

2019 жылғы 28 наурызда Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Қарағанды қаласының 85-жылдығына арналған «Өлеңім – Қарағандым. Город мой – Караганда» атты қала мектептері оқушылары арасындағы әдеби мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Әрі қарай оқу

«Жетістік формуласы» бенефис-шоуы Нияз Сундиталиевпен диалог

2019 жылғы 6 наурызда «Saryarqa» арнасында «Жетістік формуласы» бағдарламасының телевизиялық түсірілімі болды.

Біздің аттас жобамыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іс-шараларының республикалық тізбесіне енгізілген. 15 наурызда бағдарлама эфирге шықты. Әрі қарай оқу

Қызықты ғылым

15 наурызда «Қызықты ғылым» кітапханалық зертхана аясында «Ньютондық емес сұйықтық»шеберлік сыныбы өткізілді. Басында балалар бұл не термин екені, қандай ғалымның құрметіне аталғаны, сұйықтықтың қандай түрлері болатыны туралы білді. Ньютондық емес сұйықтықты қалай дайындауға болады, оның қандай таңғажайып қасиеттері бар, осының бәрін балалар сабақта тәжірибе жүзінде көрді. Әрі қарай оқу

«Бір күні кітапханада…» әдеби квест ойыны

Балалар кітабы апталығы 14 наурызда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №41 мектеп – гимназия мен № 27 ЖОББМ 6-7 сынып оқушыларымен өткізілген «Бір күні кітапханада…» әдеби квестпен жалғастырылды. Әрі қарай оқу

Журналым сырласым

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын балалар кітабының апталығы кезекті күнінде, яғни наурыз айының 12 күні кітапханамызда «Айтшы, Әжетай» Республикалық балаларға арналған әдеби- танымдық журналының бас редакторы Нұрқанова Сандуғаш Болатханқызы және ақылдастар алқасы, ҚР Білім беру үздігі Сарқыт Чотбаевамен кездесу кеш өткізілді. Әрі қарай оқу