Archive Маусым 2019

Үстел ойындары күнінде кітапханамызда № 38 мектеп-гимназиясы жанындағы лагерь мен «Smartkids» тіл лагерінің балаларына арналған әртүрлі «Дойбыны ұнататындар», хокейшілер үшін «Гол соқ», «Әдеби лото», «Әлем елдеріне саяхат» картасы, «Космос» магниттік ойыны, «Домино» ойыны, «Пазлдарды жина» алаңдары ашылды.

Балалар арналған үстел ойыны – бұл ересектер үшін де, балалар үшін де тамаша ойын-сауық. Әрі қарай оқу

«Нұрсұлтан Назарбаев: Жасампаздық дәуірі» тақырыптық апталығы аясында 2019 жылғы 17 – 22 маусым аралығында кітапхананың оқу залында осы атаудағы кітап көрмесі – көрсетілімі ашылды.

 

Апталықты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы жариялады және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жоғары лауазымда елімізді басқарғанының 30-жылдығына арналған. Әрі қарай оқу

«Жетістік формуласы» бенефис шоуы. Кәріпбек Куюковпен диалог

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен бірлесе қаланың белгілі тұрғындарының қатысуымен қаланың оқырман оқушылары мен студенттеріне арналған «Жетістік формуласы» бенефис-шоуын екінші жыл өткізіп отыр.

«Жетістік формуласы» бенефис-шоу жобасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іс-шаралары мен жобаларының республикалық тізіліміне енгізілген.

Кезекті  «Жетістік формуласы» бенефис-шоуы 4 сәуір сағ.15.00-де өткізілді. Диалог алаңына қазақстандық суретші, «Невада-Семей» ядроға қарсы халықаралық қозғалыстың белсендісі Кәріпбек Телтайұлы Куюков шақырылды. 

№ 86, 15, 62 ЖОББМ, №3 гимназияның оқушылары және КГТУ Қарағанды колледжінің студенттері Қонақпен танысып, әңгімелесуге мүмкіндік алды.

Кәріпбек Куюковке жетістік пен танымалдық бірден келген жоқ. Болашақ суретші күрделі де қиын жолды бастан кешірді. Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтар кезінде оның ата-анасы радиацияның әсеріне ұшырағандықтан, ол дүниеге қолы жоқ болып келді. Кәріпбек өзінің шығармашылығы мен өмірін ядролық қару сынақтарының қайғылы зардаптарын ешкім де және еш жерде сезінбейтін әлемді құруға арнады.

Ол шетелде оқу бітіргеннен кейін табысты бухгалтер болды, сонымен қатар ядролық қаруға қарсы халықаралық қозғалысқа белсене қатысты. 1989 жылы «Невада-Семей» ядроға қарсы халықаралық қозғалыстың белсендісі ретінде  Невадада, АҚШ-та, Германияда, Жапонияда және Түркияда болды. Ол кейіннен осы қозғалысқа қатысқаны үшін «Құрмет» орденіне ие болды.

Оның Семей сынақ полигонындағы жарылыстар, олардың салдары, адамдардың қайғылы тағдыры және тіршілік етуге ұмтылыс күші туралы әңгімесі кездесуге қатысушыларды адам мінезінің беріктігі мен адамның мүмкіндіктері туралы ойлануға мәжбүр етті.

Қонақ бала кезінде оқыған кітаптары туралы өзінің әсерлерімен бөлісті. Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты», «Библия» кітаптары, А.Беляевтің фантастикалық повестері оның есінде қалған.

Балалар кездесу барысында: «Сіздің шығармашылығыңыз қалай басталды?», «Сіздің физикалық ерекшелігіңізге себеп болған адамдар мен оқиғаларға Сіз ашуланасыз ба?», «Қиын сәттерде Сізге кім қолдау көрсетті?», «Сіз теріс  эмоцияларыңызды қалай жеңе алдыңыз?», «Сіз өз суреттеріңізде нені бейнелеуді ұнатасыз?» және тағы басқа сұрақтар қойды.

Қонақ ең қызықты сұрақтары үшін КГТУ Қарағанды колледжінің студенті Артур Жигалды, үшінші сынып оқушылары Аруана Домбайды және Арсен Абдрахмановтарды атап өтіп, оларға естелік  сыйлықтар берді.

Балаларға танысу үшін «ЖҰЛДЫЗҒА теңескенше оқы» кітап көрмесінде қазіргі заманғы балалар кітаптары, ал «Балалық шағымның кітаптары» тақырыптық сөресінде  Кәріпбек Телтайұлы Куюков қызыға оқыған кітаптар ұсынылды.

Алаңда 17 сұрақ қойылып, барлығына жауап берілді.

№ 62 ЖОББМ 5 «А» сынып оқушысы «Әуен» күйін музыкалық сыйлық ретінде Қонаққа арнап орындады.

Кәріпбек Куюков кездесу соңында «Құрметті Қонақтар кітабында», ал балалар «Оқырмандар пікірі кітабында» бенефис-шоу туралы естелік пікірлерін қалдырды.

«Латын әліпбиі – жаңа көшке бастар керуен басы» атты ойын-сабағы өткізілді.

№87 НОМ –тің жаңында құрылған «Толағай» атты жаздық лагерьде демалатын оқушылардың қатысуымен «Латын әліпбиі – жаңа көшке бастар керуен басы» атты ойын-сабағы өткізілді. Әрі қарай оқу

Жетістік формуласы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы іс-шараларының республикалық тізбесіне енгізілген «Жетістік формуласы» жобамыз жүзеге асырылып келеді. 2019 жылғы 06 мамырда «Saryarqa» телеарнасында оның телевизиялық түсірілімі болып, бағдарлама 7 маусымда эфирге шықты. Әрі қарай оқу

Оқуды қолдаудағы тиімді коммуникациялар

30 мамырда Жаңаарқа ОКЖ С.Сейфуллин атындағы орталық аудандық кітапхананың базасында «Оқуды қолдаудағы тиімді коммуникациялар» тақырыбында облыстық көшпелі семинар өткізілді. Семинарға 60-тан астам адам қатысты.

Іс-шараға Қарағанды облыстық балалар кітапханасы бастамашы болды. Абай атындағы ОБК басшысы Уатаева Б.К. және «Жаңаарқа ОКЖ» КММ басшысы Ускенбаева Ш.Т. модератор болды. Әрі қарай оқу

Жаз. Балалар. Кітап

Кезкелген кітапхана үшін оқушылар демалысы – мектептен, шығармашылық кеңістіктен және қарым-қатынастан ерекшеленетін кітапқа негізделген балаларға арналған бірегей мүмкіндік жасау. Бұл балаларды оқуға тарту, жаңа оқырмандарды кітапханаға тарту мүмкіндігі.

Кітапхана өзінің әр оқырманына жаз айынан ерекше және ұмытылмастай әсер алуға мүмкіндік береді. Байқаулар, ойындар, шытырман оқиғалар, саяхаттар, тосынсыйлар балалардың бос уақытын тек қызықты ғана емес, сонымен қатар пайдалы өткізуге мүмкіндік береді.

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы маусым айының бірінші аптасында балалардың дауысына толы болды. Кітапханаға 300-ден астам балалар келді.

Біздің қаламыздың жас тұрғындары «Туған жер – алтын бесік» зияткерлік ойынына қатысты. «Республика рәміздері – ұлттық мақтаныш» танымдық сағаты өткізіліп, Қазақстан Республикасы рәміздерінің жасалу тарихы, олардың авторлары мен біздің еліміздің туы мен гербіндегі әрбір бейненің мағынасы туралы әңгіме болды. «Робоклуб» жазғы лагерінің балалары кітапхана қорындағы 3D кітаптарының көрсетілімімен «Занимательно о динозаврах» тақырыптық сабаққа қатысты.

Ал 5 маусымда балалар «Жаз.Балалар.Кітап» ұзақмерзімді бағдарлама аясында ұйымдастырылған жазғы оқу залында болды, оның жұмысы А.С.Пушкиннің туғанына 220 жыл толуына орай «На солнечной поляне Лукоморья» атты әдеби мерекемен ашылды.

Балалар ақынның өлеңдер жатқа оқыды, Пушкин ертегілері бойынша викторина сұрақтарына жауап берді, «Балықшы мен балық туралы» ертегінің қойылымына қатысты.

Өткен аптаның барлық күндері іс-шараларға толы болды, кітапханаға келген әрбір бала жағымды көңіл-күйде болып, тағы да сан мәрте келуге ниет білдірді.

Жадыраған жаз

Жаз – бұл балалардың еркіндікте, қозғалыста, табиғатта сайрандау уақыты, бірақ сонымен бірге қолыңда қызықты кітаптар мен журналдардың болғанын қалайсың.

Жаздың бірінші күні кітапхана «Жадыраған жаз» кітапханалық AРT- фестивалін өткізді, оның басты кейіпкерлері – кітап, балалар және балалардың шығармашылық ұжымдары. Әрі қарай оқу