Archive Шiлде 2019

Кітапхана 11 шілдеде  қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттап «Ұлы Абайдың рухты сөзі» атты әдеби-музыкалық кеш өткізді.

 

Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы А. Құнанбаевқа арналған іс-шара өткізу кітапхана үшін үлкен абырой, өйткені кітапхана 65 жыл бойы ақынның есімімен аталтындығын  мақтанышпен айталады.

Абайдың шығармашылығы туралы жүргізушілердің сөздері слайдтық және бейне материалдармен сүйемелденді, № 3 гимназияның 7 сынып оқушысы Сәбит Ақнұрдың орындауында Құрманғазының күйлері ойналды.

Жас оқырмандар Абай оқуларының шағын байқауына қатысты, Брагин Евгений (Қарағанды қаласына Томск қаласынан келген қонақ) мен Есенжол Дидар (№92 гимназияның оқушысы) ақының өлеңдерін мәнерлеп оқып, жеңімпаз атанып, кітапхана тарапынан сыйлық алды.

Әрі қарай оқу

18 шілдеде «Фантазия» мектеп жанындағы лагерьдің балалары үшін жаңа танымдық және көркем әдебиеттің шолуы өткізілді.

 

Балалардың назарына «Лабиринт» баспасының «Сто тысяч почему» сериясынан «История колеса», «Как рождаются конфеты», «Самые необычные дома мира», «Как человек воду покорил», «Семь чудес света и другие диковины» жаңа кітаптары, «Фолиант» баспасының «Как подготовиться к приключениям» пайдалы білім энциклопедиясы, ең ерекше «Зверитория» энциклопедиясы, бәрін білгісі келетіндер үшін постерімен «Об опытах и экспериментах» кітабы, «Сказки народов мира» сериясының жаңа басылымдары ұсынылды.

Әрі қарай оқу

 2019 жылғы 3 мамырда «Saryarqa» телеарнасында «Жетістік формуласы» бағдарламасыныңтелевизиялық түсірілімі болып, ол 5 шілдеде эфирге шықты.

 

Біздің бұл жобамыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іс-шараларының республикалық тізбесіне енгізілген.

Диалог алаңында «Дефектоскопия ҒӨБ» ЖШС құрылтайшысы, бизнесмен Әділ Есенұлы Упабеков және қаламыздың мектеп, лицейлерінің оқушылары (70-тен астам) кездесті.

Бағдарлама қонағы балаларға 2009 жылы құрылған «Дефектоскопия ҒӨБ» ЖШС мұнай-газ, энергетика және тау-кен өнеркәсіптерінде техникалық диагностика мен бұзылмайтын бақылау жөнінде көрсетілетін қызметті ұсыну саласында Қазақстанда жетекші орындардың бірін алатыны туралы әңгімелеп берді. Кәсіпорын 2017 жылы «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» номинациясында ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығының иегері болды.

Әділ бала кезінен бастап өте пысық болған. «Не себепті бизнестің бұл бағытымен айналысуды жөн санадыңыз» деген сұраққа Әділ Есенұлы: «Қазақстанда техникалық диагностика мен бұзылмайтын бақылау жөнінде қызмет көрсету түрі сол жылдары бос болатын», -деп жауап беріп, сол себепті бизнесте кәсіпкерлік «сезім» болуы да маңызды екенін және ол перспективаға бағытталуы керектігін атап өтті. Бизнестегі алғашқы қадамдары қиын болса да, тәуекелге бару қажет еді. Қазіргі уақытта компания Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің факультеттерімен тығыз байланыста жұмыс істейді, дарынды және мүдделі жастарды іздеп, жаңа технологиялық процестерді игеруге тартады.

Әрі қарай оқу

Қазақ халқының жан серігі, рухани азығы болып келген киелі домбыра күніне орай кітапханада “Домбыра – дастан, домбыра – күй “атты әдеи-сазды кеш өткізілді. Іс-шараға облыстық туберкулезге қарсы шипа жайында ем алушы балалар қатысты.

 

Кешімізге Теміртау қаласыңдағы Ғ.Жұбанов атындағы. балалар өнер мектебінің домбыра үйірмесінің ұстазы Перизат Зеикенова және осы мектептің оқушылары Аружан Муханбек, Перизат Ходжайева арнайы қонақ ретінде шақырылды. Төл аспабымызды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шарада Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын», Халық күйі «Кеңес», Ә. Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйлерін нақышына келтіріп ойнады. Әрі қарай оқу

“Домбыра – дастан, домбыра – күй “

Қазақ халқының жан серігі, рухани азығы болып келген киелі домбыра күніне орай кітапханада “Домбыра – дастан, домбыра – күй “атты әдеи-сазды кеш өткізілді. Іс-шараға облыстық туберкулезге қарсы шипа жайында ем алушы балалар қатысты. Әрі қарай оқу

Жаз. Балалар. Кітап.

Кезкелген кітапхана үшін оқушылар демалысы – мектептен, шығармашылық кеңістіктен және қарым-қатынастан ерекшеленетін кітапқа негізделген балаларға арналған бірегей мүмкіндік жасау. Бұл балаларды оқуға тарту, жаңа оқырмандарды кітапханаға тарту мүмкіндігі.

Кітапхана өзінің әр оқырманына жаз айынан ерекше және ұмытылмастай әсер алуға мүмкіндік береді. Байқаулар, ойындар, шытырман оқиғалар, саяхаттар, тосынсыйлар балалардың бос уақытын тек қызықты ғана емес, сонымен қатар пайдалы өткізуге мүмкіндік береді. Әрі қарай оқу

Кітапхана алдындағы жазғы алаңда «Гвоздичка» балабақшасының тәрбиеленушілері және №1 гимназия мен №64 НОМ жанындағы лагерьдің балалары үшін 6 шілде – Қазақстан Республикасының астанасы күнін мерекелеуге арналған «Бейбітшілік қаласы және Еуразия жүрегі» ойын-сауық бағдарламасы өткізілді.

 

Кішкентай қарағандылықтар танымдық викторинаның сұрақтарына қызыға жауап берді және «Астананың көрнекі орындары» пазлын құрастырды. Әрі қарай оқу