Archive 2021

Жаңа жыл – бұл ғажайыптар уақыты!

Біздің кітапханада жас оқырмандарға арнап жаңажылдық шырша өткізу жақсы дәстүрге айналған.
Бүгін жас оқырмандар мен олардың ата-аналары кітапханаға «Аяз атадан хат» атты жаңа жылдық қойылымға жиналды.
Іс-шара ешкімді бей-жай қалдырмады. Басты кейіпкерлер, әрине, Аяз ата мен Ақшақар, сонымен қатар ертегі кейіпкерлері Қыс, Кикимора, Аққала, Қоян және Бақа болды.
Балалар бар ынталарымен ертегі квестінің орындарын аралап, қызықты жұмбақтарды, ертегілер бойынша жасалған викториналарды шешті, Аяз атамен бірге жаңа жылдық шыршаны жағып, ән айтып, би биледі, қызықты ойындар ойнады.
Барлық қатысушылар Аяз атадан тәтті сый мен сыйлықтар алды.

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

«За артистизм и сценическое обаяние»

Агния Львовна Барто атындағы Марс-Австралия (Сидней) халықаралық әдеби балалар байқауының ұйымдастыру комитетімен кітапханамыздың белсенді оқырманы, №1 гимназияның 3-сынып оқушысы Эрика Трофименко «Театрда» өлеңін жатқа оқығаны үшін «Бейнедекламация» номинациясы бойынша «За артистизм и сценическое обаяние» арнайы дипломымен марапатталды.
Марапаттау салтанаты Жаңа жыл қарсаңында өтті.
Құттықтаймыз!!!

1
3

 

«Шуақ»

Осы мерекелік, жаңа жыл күндері қарсаңында «Шуақ» шығармашылық студиясының сабақтарының тұрақты қатысушысы Нұрислам Есенгелді Ю.Кушактың «Танцующая елка» кітабын оқып, қағазды бен картонды, бояулар мен жылтырауықтарды пайдалана отырып, «Мерекелік шырша» ғажайып композициясын жасады.

1
2
3
4

«Кел, қазақша сөйлейік!»

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің жылдық қортынды сабағы «Гвоздичка» балабақшасының тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткізілді.
Бүлдіршін балалар «Отан», «Қазақстан», «Тәуелсіздік» жайлы тақпақтарды мәнерлеп оқып, орамал ойының ойнап, викториналық сұрақтарға белсене жауап берді.

IMG_7142
IMG_7146
IMG_7152
IMG_7155
IMG_7157
IMG_7161
IMG_7199
IMG_7206
IMG_7209

 

«Free Style» арт-шеберхана

Желтоқсан айының 19 күні «Free Style» арт – шеберханасының қортынды сабағы «Іскерлік әлеміне саяхат» атты тақырыбында өткізілді.
Үйірменің сабағына жыл ішінде қатысқан тұрақты оқырмандары Азиза, Айару Асановалар, Шұғыла, Нұршуақ Анафияновалар және Диляра Саттыбаева өз қолдарымен кестелеген «Менің кішкентай досым», «Кемпірқосақ», «Менің үйім», «Күзгі жапырақ», «Кеме», «Әдемі гүл», «Жұлдыз» жұмыстарын аяқтады.

«Жаңа жыл»

Жексенбі күні кітапханада «Көңілді ағылшын» үйірмесінің қорытынды сабағы «Жаңа жыл» тақырыбында өтті. Балалар қызықты ойындар ойнап, Аяз атаға хат жазды. Сабақ соңында балалар тақырыпты пысықтау мақсатында «Christmas Tree» әнін айтып, би биледі.

1
2
3

«Әжемнің ертегілері»

Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Әжемнің ертегілері» әдеби челленджін Шығыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапхансынан қабылдап алып, Атырау облыстық балалар кітапханасына жолдаймыз.

Марапаттау

Қазақстан Респубикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының басшысы Уатаева Баян Қуанышқызы Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі А. Р. Райымқұлованың Алғыс хатымен және Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Е.Қ. Жұмакеновтың Құрмет грамотасымен мектепке дейінгі және бастауыш сынып жасындағы балаларға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ольга Ивановна Вольф марапатталды.
Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!

1
2
3
4

«Менің Қазақстаным!»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығына орай Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында «Менің Қазақстаным!» тақырыбында кең көлемде көрме-досье ұйымдастырылды.
Кітап көрмесі еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы қаламгерлердің жазған еңбектері мен тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларымен қамтылды. Көрмемен танысу үшін кітапханаға Қаныш Сәтбаев атындағы гимназияның 4 «Г» сынып оқушылары келді. Шарада «Бабалар елі – алтын бесік» атты зияткерлік викторина ұсынылып, балалар оған белсене қатысты.

1
3
2
4
5
6

«Менің елімнің тарихындағы менің ауылымның тарихы» зерттеу жұмыстары байқауы

«Менің елімнің тарихындағы менің ауылымның тарихы»
зерттеу жұмыстары байқауы

Кітапханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында «Менің елімнің тарихындағы менің ауылымның тарихы» зерттеу жұмыстары облыстық байқауының қорытындысы өткізілді.
Салтанатты марапаттау рәсіміне балалар, ата-аналар, ұстаздар, қазылар алқасының мүшелері және шақырылған қонақтар қатысты.
Байқауға Қарағанды облысының Ақтоғай, Нұра, Жаңаарқа, Шет, Ұлытау, Қарқаралы, Осакаров, Бұқар жырау аудандарының 13-15 жас аралығындағы балалары 25 ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұсынды. Балалардың шығармалары Отанынымыз бен өлкеміздің тарихына арнады.
Қазылар алқасының құрамына «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің доценті, т.ғ.к. Н.А. Бейсенбекова; журналист, облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы А. Ж. Жанғозин, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми-әдістемелік бөлімі меңгерушісінің м.а. М.Д.Болат; Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК ақпараттық библиография бөлімінің ұлттық библиография секторы меңгерушісінің м.а. Г.Кадырова енгізілді.
Сайыс қортындысы бойынша келесі жеңімпаздардың есімдері аталды:
1. Бас жүлде – Құрал Ағла, Қарқаралы ауданы, Жаңатоған ауылы
2. І орын – Алиев Елхан, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті
3. II орын – Залисецкая Дарья, Рапш Юлия, Осакаров ауданы, Тельман ауылы
4. III орын – Әбікен Ділназ, Жаңаарқа ауданы
Қарқаралы ауданы, Ақтерек ауылынан Мейрамбай Нұргүл, Жаңаарқа ауданынан Төрехан Аяулым, Нұриден Арай, Қарағанды қаласынан Баранова Валерия ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Ақын, Т. Айбергенов және Н.Мәукенұлы атындағы әдеби сыйлықтардың иегері, «Орталық Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары І.Мұқаев; Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Ж. Әдікенова; Абай атындағы кітапхананың басшысы Б.Уатаева шара соңында құттықтау және тілек сөздерін айтты.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!

Грант-При – Құрал Ағла

І орынАлиев Елхан

ІІ орынЗалисецкая Дарья, Рапш Юлия

ІІІ орынӘбікен Ділназ

IMG_6919
IMG_6917
IMG_7029
IMG_7013
IMG_6999
IMG_6994
IMG_6988
IMG_6983
IMG_6976
IMG_6965
IMG_6957
IMG_6956
IMG_6925
IMG_7038