Шiлде 19, 2021 «Сахна саңлағы» бейнесұхбат By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада шілде айының 19 күні жаз мезгілінде балаларды бос уақытын қамту және дамыту картасы бойынша жасалған жұмыс жоспары аясында «Таңғажайып әлем!» тақырыптық блок шеңберінде ҚР еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Кеңес Нарымбайұлы Жұмабековпен «Сахна саңлағы» атты онлайн әңгіме өткізілді. Жүздесу барысында актердың балалық шағынан қазіргі кезеңдегі дара жолына дейін баяндалды. Сұхбат кезінде актерС.Сейфуллин театрына келуі, ойнаған рөлдері, болашақта қандай рөлдерді ойнағысы келетініне де тоқталып кетті. Сонымен қатар өзінің қаламынан шыққан театр актерлары жайлы кітаптары, драматург ретінде жазған «Замана, неткен тар едің», «Қазыбек би», «Көмекей әулие» атты қойылымдары жөнінде сөз етті. Кеудесі сырға толы, нұрлы жүзді К.Жұмабековпен кездесу қызықты, мазмұнды өтті. Кітапхана ұжымының атынан қонаққа Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай» атты кітап табыс етілді.
Шiлде 15, 2021 Әдеби денсаулық By odb-abai inЖаңалықтар Құрметті достар! Біздің жазғы оқу залы «Әдеби денсаулық» атты ұсынымдар калейдоскопын ұсынады. Бұл көру және бірлескен оқу арқылы балалардың салауатты өмір салтының негізін қалыптастыруға көмектесетін кітаптар мен мультфильмдерден алынған өзіндік дайын рецепт. https://odb-abai.kz/wp-content/uploads/2021/07/Moj-film-1.mp4
Шiлде 5, 2021 Құрметті жас оқырмандар! By odb-abai inЖаңалықтар Сіздерге «Мейірімділік –ол ізгілік» онлайн әңгімесі аясында, Ермек Өтетілеуұлының балаларға арналған өлең жолдарымен жазылған, түрлі-түсті суреттермен безендірілген «Әдептілік-әдемілік» кітабын назарларыңызға ұсынамыз. Әдепті адам әрқашан әдемі. Өйткені ол өзінің киінуі, сыпайы сәлемдесуі, өзін-өзі күте білуімен әдемі. Кішкентай оқырман! Егер де әдептілік әлеміне қызықты саяхат жасағың келсе, міндетті түрде кітапханамыздан «Әдептілік-әдемілік» кітабын алып оқуыңа кеңес береміз. Кітап өте жеңіл, тез, қызықты оқылады. https://odb-abai.kz/wp-content/uploads/2021/07/Moj-film.mp4
Шiлде 3, 2021 Ұлттық домбыра күні By odb-abai inЖаңалықтар Қазақ халқының жан серігі, рухани азығы болып келген киелі домбыра күніне орай кітапханада «Қазағымның қазынасы – домбыра» атты онлайн-сұхбат өткізілді. Іс-шараға арнайы қонақ ретінде №32 ЖББМ көркем еңбек пәнінің ұстазы Ержан Тұрсынов шақырылды. Қонақ оқырмандарға домбыраның құрлысы туралы толық мағлұмат беріп, ұлттық аспаптың, пернелері, мойыны, ішегі, шанағы, тиегі, құрылысын түсіндірді. Домбыра қазақ халқының арасында өте кең тараған, қос ішекті шертіп ойнайтын аспабы. Кездесу соңында Ержан Әдішұлы И.Жақанов пен Ш.Қалдаяқовтың «Балқан таудың баурайында», «Қара көзім» әндерін домбыраның сүйемелдеуімен нақышына келтіре орындады. https://www.instagram.com/tv/CQ0Fy61KXU5/?utm_medium=copy_link