Желтоқсан 7, 2022 «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» By odb-abai inЖаңалықтар 07 желтоқсанда «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы аясында кезекті дауыстап оқу өткізілді. Балаларға әнші, вокал ұстазы Думан Баймағамбетов әйгілі испан жазушысы Росион Бонильяның «Көршілер» атты шығармасын оқыды.
Желтоқсан 6, 2022 Ерлан Амангелдиновтың қатысуымен «Жетістік формуласы» бағдарламасы. By odb-abai inЖаңалықтар 6 желтоқсанда «SARYARQA» телеарнасында жас кәсіпкер, қарағандылық, «Sweatberry Tours» компаниясының негізін қалаушы, Forbes 30 Under 30 тізіміне енген саяхатшы Ерлан Амангелдиновтың қатысуымен «Жетістік формуласы» бағдарламасының кезекті түсірілімі өтті. Студияға Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжінің және экономика, бизнес және құқық колледжінің студенттері, сондай-ақ Шәкәрім атындағы гимназияның 10-11 сынып оқушылары жиналды. Бағдарламаның қонағы Ерлан Амангелдинов 28 жасында көп нәрсеге қол жеткізді. 2017 жылы ол өзінің авторлық турларын аша отырып, саяхат агенттігін ұйымдастырды. Ерланның айтуынша, барлық туристер бірге саяхаттанған адамдарға байланысты саяхатқа риза бола бермейді, сондықтан ол туристер үшін барынша жайлылық жасауды мақсат етіп қойды. «Sweatberry Tours» агенттігі жас энтузиастар жұмыс істейтін авторлық турларды ұйымдастыру бойынша Қазақстандағы ең ірі агенттіктердің бірі. Ерланның өзі 40 елде болған, бірнеше шет тілдерін жақсы біледі. Кездесуге қатысушылар әр түрлі сұрақтар қойды: Біздің кейіпкерімізге немқұрайлылық жағдайы таныс па?; Ол қай футбол клубын қолдайды?; Жер бетіндегі ең жақсы қала қандай? және т.б. сұрақтар төңірегінде сұхбат болды. Ерлан барлық сұрақтарға шынайы және ашық жауап берді. Оның өмірлік ұстанымы: «Барынша шынайы болу». Кездесуге қатсушы жастар Ерланның әзілқойлығын ерекше атап өтті. Бағдарламаның финалында белсенді қатысушылар саяхатшыдан естелік сыйлықтар алды, қонаққа дәстүрлі түрде Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» кітабы және жетістік пен танымалдықтың символы – «Жетістік формуласы» кәдесыйы табыс етілді.
Желтоқсан 1, 2022 Арман Жүдебаевтың қатысуымен «Жетістік формуласы» бағдарламасы. By odb-abai inЖаңалықтар 1 желтоқсан күні «SARYARQA» телеарнасында «Жетістік формуласы» бағдарламасының кезекті түсірілімі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаевпен өткізілген болатын. Қонақпен кездесуге Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері мен мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқушылары келді. Балалар мен қонақ арасындағы диалог көңілге жағымды, өте әсерлі өтті. Кездесу барысында қонақ отбасы, балалық шағы, шығармашылық жолы жайлы айтып, сахнада болған қызықты оқиғаларын еске түсіріп әңгімелеп берді. Арман Әділханұлы бала кезінде спортқа жақын болып өскен екен. Бала Арман футболист болуды армандаған. Ата-анасы кішкентайынан бастап қазақтың дәстүрі мен салт-санасын бойына сіңірсе керек. Міне, соның арқасында құрметті қонағымыз қазақ даласына қасиетті домбыра өнерін насихаттауда. «Үйдің жақсысы – ағашынан, жігіттің жақсысы – нағашынан» демекші ең алғаш домбыраға деген сүйіспеншілігі, өнерге деген қызығушылығы нағашы апасынан дарыған екен. «Сiз үшiн күйдiң қасиетi мен киелi домбыраның құдiретi неде?» – деген сауалға: «Күй – терең ұғым. Күй бар жерде қазақ бар, қазақ бар жерде күй бар. Домбыра – қазақтың жаны. Сонау Қорқыт, Құрманғазыдан жеткен киелі аспап», – деді дирижер. Диалог алаңының қатысушылары Арман Әділханұлынан оның жетістік формуласын білді. Құрметті қонақтың айтуы бойынша: «Адамның жүрек қалауына байланысты. Жетуге мақсат қойып, армандаңыздар. Еңбек жолында көп еңбек етсеңіздер, уақыты келгенде жемісін көресіздер». Әңгімелесу барысында жастар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, болашақ өнер жолын таңдаған жас мамандар үлкен рухани азық алды. Бағдарлама соңында Арман Әділханұлы студенттердің сұрауымен қонақ кәде ретінде Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйін орындады. «Жетістік формуласы» телевизиялық жобасының шарты бойынша қонақ өзіне ұнаған үздік сұрақтарды таңдап, балаларға естелік ретінде «Ұлы дала сарындары», «Халық музыкасы – ұлттың үн-байрағы» күй жинақтарын сыйға тартты. Жоба ұйымдастырушылары Арман Әділханұлы Жүдебаевқа А.Құнанбайұлының «Қара сөздері» кітабын және жетістік пен танымалдықтың символы – «Жетістік формуласы» кәдесыйын табыс етті.
Желтоқсан 1, 2022 «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі By odb-abai inЖаңалықтар «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің жетекшісі сабаққа қатысқан балаларға «Жыл айларының атауларын» таныстырып өтті. Балалар он екі ай атауын ребус, сөйлемдерді толықтыру арқылы шешіп үйренді. Сабақ көңілді және қызықты болды.
Қараша 29, 2022 Нұрлан Дулатбековтің қатысумен «Жетістік формуласы» бағдарламасы. By odb-abai inЖаңалықтар 29 қарашада «SARYARQA» телеарнасында «Жетістік формуласы» бағдарламасының кезекті түсірілімі өтті. Бағдарлама қонағы қазақстандық танымал ғалым, ҚР білім беру жүйесінің қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, «Карлаг – болашақ үшін естелік» жобасының авторы мен жетекшісі, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков болды. Қонақты студияда Ә.Сағынов атындағы «Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Инновациялық технологиялар колледжі мен «Қарағанды экономика және статистика колледжі студенттері және «Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушылары қарсы алды. Бағдарлама кейіпкері өзінің жетістіктері, қызығушылықтары туралы әңгімелеп, балалық шағындағы бақытты сәттерін еске түсірді, балаларды армандауға, көп талмай еңбектенуге және тарихты оқуға шақырды. «Тарих – қайталанып отыратын үрдіс, сол себепті біз әрқашан тарихтан сабақ алуымыз керек. Тарихымыздың жақсы жақтарын ғана емес, көлеңкелі жақтарын да зерделей білсек – үлкен мақсаттарға жететін жолды ашамыз, – деді ол. «Қазіргі студенттерге көзқарасаңыз қандай?» – деген сауалға Нұрлан Орынбасарұлы «Студенттерді жақсы көремін, олармен еркін сөйлесіп, дос ретінде қарауға тырысамын. Мен тәрбие мен оқытуды ұнатамын, сол себепті осы мамандықты таңдадым» – деп жауап берді. Қонақ өзінің көп кітап оқитынын атап өтіп, кездесуге қатысқан студенттерге М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын, Ш.Айтматовтың «Жәмилә» повесін, поэзия алыптары М.Мақатаев, Қ.Аманжоловтың өлеңдерін оқуға кеңес берді. Студияның құрметті қонағы мен балалар арасында ашық, емен-жарқын әңгіме-сұхбат болды. «Жетістік формуласы» телевизиялық жобасының шарты бойынша қонақ өзіне ұнаған үздік сұрақтарды таңдап, студенттерге естелік ретінде сыйлықтарын ұсынды. Жоба ұйымдастырушылары Нұрлан Дулатбековке А.Құнанбайұлының «Қара сөздері» кітабын және жетістік пен танымалдықтың символы – «Жетістік формуласы» кәдесыйын табыс етті.
Қараша 24, 2022 «Дарынды бала әлемі» By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада 24 қарашада «Дарынды бала әлемі» жинағының I – ші томының тұсаукесері өтті. Кітапта қазақ және орыс тілдерінде мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін ең тиімді ертегілер жинақталған. Жинаққа енген ертегілер жас оқырмандарды батылдыққа, тапқырлыққа, әділеттікке, қайсарлыққа үйретеді. Ерекшелігі әр ертегі мақал-мәтелдермен аяқталатындағында, ал мақал-мәтел тәрбие беруде басты құрал. Жоба авторы «Дарынды бала» балалардың көшбасшылығын дамыту орталығының құрылтайшысы – Айнагүл Қайырбекқызы Хамитова қатысушыларды жобаның басты мақсатымен таныстырып, кең көлемде ой бөлісті. Сонымен қатар Қарағанды «Дарынды бала» балабақшасының ұстаздары кітапхананың кішкентай оқырмандары үшін шеберлік сабағын өткізді.
Қараша 24, 2022 «Балалар, Сіздер үшін жазамыз!» жобасы By odb-abai inЖаңалықтар «Балалар, Сіздер үшін жазамыз!» кітапханалық жоба аясында 22-23 қараша күндері балалар жазушысы Наталья Инжевская Саран қаласы және Осакаровка ауылының оқырмандарымен кездесті. Балалар үшін автормен жүздесу, оқыған кітаптары туралы өз әсерлерімен бөлісу, жазушының шығармашылық жоспарлары туралы білу қызықты болды. Оқырман балалар Н. Инжевскаяның әңгімелерінен үзінді көрсетіп, өлеңдер оқыды. Жазушымен өткен шығармашылық кездесу балаларға өте қызықты болды.
Қараша 23, 2022 Кітапханалық дәріс By odb-abai inЖаңалықтар 23 қарашада Абай атындағы мектеп-гимназиясының 8-9 сынып оқушыларына Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, тарих факультетінің, археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының профессоры, т.ғ.к. Жулдыз Карсыбаева Халық қаһарманы, аты аңызға айналған партизан Қасым Қайсеновтың өмірі мен шығармашылығы бойынша дәріс оқыды. Балаларға «Қасым Қайсенов Естеліктер», «Қ.Қайсенов өмірі мен шығармашылығы» бейнеролигінен үзінді көрсетіліп, кітап көрмесіне шолу жасалынды.
Қараша 23, 2022 «Ерлік пен махаббат жыршысы» әдеби кеш By odb-abai inЖаңалықтар 23 қарашада кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ә. Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ерлік пен махаббат жыршысы» атты әдеби кеш өткізілді. Іс-шараға жазушы-этнограф, журналист Т. Әкежанов және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясының 10-11 сынып оқушылары қатысты. Төрехан Майбасұлы жазушының шығармашылығы жайлы құнды, қызықты деректермен ой бөлісті. Шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығын баяндайтын «Өмір жолы» атты бейнеролик көрсетіліп, жазушының кітаптары жинақталған «Ерлік пен махаббат жыршысы» атты кітап көрмесіне библиогафиялық шолу жасалды.
Қараша 22, 2022 «Балалар, Сіздер үшін жазамыз!» кітапханалық жобасы By odb-abai inЖаңалықтар «Балалар, Сіздер үшін жазамыз!» кітапханалық жобасы оқырмандарды заманауи қазақстандық балалар жазушыларының шығармашылығымен таныстыруды жалғастыруда. Бұл жолғы қонағымыз кітапханамыздың досы және серіктесі Наталья Инжевская. Автор балаларға «Волшебные сказки Сарыарки» сериясымен жарық көрген «Тюльпан счастья», «Приключения Ослика Жайдара» атты жаңа кітаптарын ұсынды. Кездесу барысында Қаражал қаласының оқырмандары арасында осы кітаптар желісі бойынша салынған балалар иллюстрациялары байқауының қорытындысы шығарылды. Іс-шараға Қаражал қаласының ОКЖ директоры Т.Байшукенова қатысып, Қаражал қаласының оқырман балаларына Н. Инжевская кітаптарын және байқауға қатысқан балаларға сыйлықтарын табыстады. Биылғы жылы оқырман мен жазушы арасында алтын көпір болған «Балалар, Сіздер үшін жазамыз!» кітапханалық жобасы өз жұмысын қорытындылап, жоба алдағы жылы да өз жалғасын табады. Барлық өткен кездесулерден балалар жақсы әсер алып, өздеріне керекті құнды дүниелерді сіңіре білді деген үміттеміз.