Archive 2022

«Қауырсын қалам» әдеби клубы

«Қауырсын қалам» әдеби клубы өз жұмысын жалғастыруда.
Шығармашылықты сүйетін балалар бір-бірімен араласып, өз жетістіктерімен бөлісіп, ақындық шығармаларын талқылап, замануи ақын-жазушылардың шығармалары туралы пікір алмасты.
Шығармашылық алаңда жас дарындар өздерінің жаңа өлеңдерін оқыды.

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Қыс қызығы» тақырыбында өткізілді. Балалар сабақта қысқы табиғат ерекшеліктерімен танысып, сурет салды. Өз жұмыстары туралы әңгімелеп береді.

«Шуақ»

«Шуақ»  студиясының қатысушылары «Черепаха и остров» ертегісін оқығаннан кейін қолда бар заттармен тасбақа қолөнерін жасады.

«Балалар, Сіздер үшін жазамыз!» жобасы

Балалар жылы аясында «Балалар, Сіздер үшін жазамыз!» жобасын жүзеге асыру мақсатында 16 қараша күні белгілі қазақ жазушысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, мемлекет қайраткері Мәди Айымбетовпен (Астана қ.) шығармашылық кездесу өтті. Жазушы Шет ауданы, Ақсу Аюлы кентінің және Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының оқырман балаларымен кездесті.
Іс-шараға Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің филология ғылымдарының кандидаты Тапашев Мейіржан Әбдіқадырұлы қатысты.
Шара барысында қаламгердің туындыларын насихаттауға бағытталған бейнеролик көрсетіліп, автордың «Бар болғаны он төрт жас» повесінен үзінді көрсетілді. Балалар жазушыдан қолтаңба алып, керемет әсермен тарқасты.

ӘДЕБИ КОСПЛЕЙ ФЕСТИВАЛІ

Балалар мен ата-аналарды 9 желтоқсан, сағат 17.00-де өтетін ӘДЕБИ КОСПЛЕЙ ФЕСТИВАЛІНЕ қатысуға шақырамыз. Өтінімдер 5 желтоқсанға дейін odb_abai@mail.ru электрондық поштасына қабылданады. Қатысушылардың жасы 7 жастан 15 жасқа дейін.
Фестиваль бағдарламасында:
Косплей дефилесі;
– Әдеби образдың театрландырылған қойылымы;
– Әдеби викторина;
– Косплей дискотекасы;
Жүлделі номинациялар:
-Үздік көркем бейне (образды дәлме-дәл жеткізу, костюмнің
өзін көрсету және оның өзіндік ерекшелігі);
-Үздік балалар косплейі (7-10 жас аралығындағы балалар);
-Үздік отбасылық косплей (бір тақырыпты біріктірген костюмдер
киген ата-аналар мен олардың 15 жасқа дейінгі балалары);
-Үздік MAKEUP – бет әлпетті әрлеуі;
– Original – косплей (қатысушы өзі ойлап тапқан образ, өз қолымен
жасаған костюм).
КЕЛІҢІЗДЕР! ҚАТЫСЫҢЫЗДАР! ҰНАҒАН КОСПЛЕЙ ҚАТЫСУШЫСЫНА ДАУЫС БЕРІҢІЗДЕР!

Барлық сұрақтар бойынша +7(7212) 41-23-25 байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады. КОСПЛЕЙ ФЕСТИВАЛІНІҢ тұжырымдамасымен сайтта https://odb-abai.kz/wp-content/uploads/2022/11/Kontseptsiya-o-Literaturnom-kosplee-kaz.pdf таныса аласыз.

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты»

14 қараша күні Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы аясында дауыстап оқу өткізілді.
Балаларға Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының актрисасы Дарья Пивень әйгілі балалар жазушы Энид Блайтонның «День рождения эльфа» ертегісін оқыды.
Мұндай кездесулер ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу және мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

«Книжная Волга»

11 қараша күні Ресейдің Волгоград қаласындағы М.К. Агашина атындағы орталық кітапханасымен бірлесіп Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы «Книжная Волга» халықаралық кітаптар көрмесі аясында онлайн кездесу өткізді.
Шараға Қарағандылық балалар жазушылары Наталия Инжевская және Елена Пономаренко қатысты. Жазушылар қатысушы балаларды кітаптарымен таныстырып, шығармашылықтары тура]лы ой бөлісті.

[su_image_carousel source=”media: 26489,26498,26497,26496,26495,26494,26493,26492,26491,26490″ limit=”15″ crop=”none” adaptive=”no” align=”center” autoplay=”15″ image_size=”full”

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты»

09 қараша күні жобасы аясында дауыстап оқу өткізілді.
Балаларға Нұркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Мереке Сатибекова Д. Ахметұлының «Робот және алты асық» жинағынан «Қимас достар» деген замануи ертегісін және Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесін оқыды.

Шуақ

«Шуақ» шығармашылық студиясының қатысушылары Н. Охзенкнехттің «Бусинка» кітабымен танысқаннан кейін түрлі-түсті қағаздар және желімді қолдана отырып арқасында теңбілі бар қызыл қоңызды жасады.

Біздің күзгі демалысымыз

Қала мектептерінің оқушылары күзгі демалыс кезінде біздің кітапханаға экскурсияға келді. Экскурсия барысында балалар кітапхананың пайдалану ережелерімен, тұрақты түрде ұйымдастырған кітап көрмелерімен танысты.
Сондай-ақ кітапхана қорындағы құнды және сирек кездесетін ерекше басылымдар, энциклопедиялар, анықтамалар, сөздіктер және мерзімді басылымдармен танысып, электрондық қызметтер туралы білді.