Archive Сәуiр 2023

Қазақтың қайсар ұлы!

Биыл аты аңызға айналған партизан, көрнекті жазушы, қазақ әдебиетіндегі партизан тақырыбының негізін қалаушы «Халық қаһарманы» Қасым Қайсеновтің туғанына 105-жыл.
Осыған орай 23 сәуір күні кітапханашылар №14 мектеп-гимназиясының оқушыларына сырттай экскурсия жүргізіп, Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повесі бойынша «Қазақтың қайсар ұлы» атты әдеби сағат өткізді. Балалар жауынгер жазушы Қ.Қайсеновтің өмірі мен шығармашылығы жайында фильм көріп, «Жау тылындағы бала» повесі бойынша викториналық ойындар ойнады.
Іс – шара соңында оқушылар кітапханаға жаңадан түскен балалар әдебиеттері мен Қ.Қайсеновтің кітаптарымен танысты.

Корей халқымен танысу

Кітапханада 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Әр халық – бірегей мәдениет» циклі және 2023 жылы Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы мәдени алмасу жылын мерекелеу аясында  «Қарағанды облысы корейлерінің этномәдени бірлестігі» ҚБ өкіл Л.М. Кимнің қатысумен  кездесу ұйымдастырылды.
Аталмыш шарада орталықтың қызметі туралы бейнеролик көрсетіліп, асяндидің ұлттық мерекесі – корей баласының бірінші туған күні және дәстүрлі әйелдер мен ерлер костюмдері, «кадюри» тағамдары туралы әңгімелер айтылды.
Балалар «Қазақстандағы корейлер» презентациясын әзірлеп, корей тілінде мәнерлеп өлеңдер оқып, «Чегичаги» ойынын ойнады, ал «Киппым» би ансамблі «Гүлдер» биін биледі.
Лилия Ким кітапханаға Корея Елшілігі ұсынған балаларға арналған корей тілінде жазылған 52 данадан тұратын кітаптар сыйға тартты. Кездесу өте қызықты өтті.

«Eurasian Book Fair-2023» VI Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі!

19-23 сәуірде Астана қаласында «Eurasian Book Fair-2023» VI Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтті. 21 сәуірде біздің кітапхана қызметкерлері бұл іс-шараға алғаш рет қатысты.
Жәрмеңкенің бағдарламасы бай әрі қызықты болды: түрлі дәрістер, көрмелер, интерактивті алаңдар, кітап тұсаукесерлері, шеберлік сыныптары өткізіліп, көптеген баспалар мен кітап дүкендері өз өнімдерін ұсынды.
Біз кітаптардың тұсаукесеріне қатысып, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттен, белгілі қазақстандық ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақұштап Бақтыгереевадан және шығыстанушы, «Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы Санжар Керімбайдан қолтаңба алдық.
Жалпы, халықаралық кітап жәрмеңкесіне қатысу арқылы баспалармен байланыс орнату, жазушылармен көзбе-көз жүздесу, кітап жаңалықтары әлемінде жаңа, қызықты дүниелермен танысуға деген үлкен мүмкіндіке қол жеткіздік.

«Мәтіндер жайлы тегін интенсив» тренингі

Бүгін жасөспірімдерге арналған «Мен-тұлғамын» тренинг өз жұмысын жалғастырып «Мәтіндер жайлы тегін интенсив» атты кезекті тренингі өтті. Коуч-жаттықтырушы Астана қаласының тұрғыны Гүлзия Сейітова түрлі форматтағы мәтіндерді жасау тәжірибесімен бөлісіп, олармен қалай жұмыс істеу керектігін айтып өтті.
Сторителлинг (әңгімелер құру) балалардың ауызекі сөйлеуге көмектесіп, шығармашылыққа деген қызығушылықтарын дамытып, өздеріне деген сенімділіктерін арттырып, қатарлас құрбыларының арасында өздерін сенімді ұстауға көмектеседі. 2-3 жаттығудан кейін балалар әр түрлі әңгімелер ойлап тауып және құрастырып сюжеттік желіні жасады.

 

«Отқа төзімді ақша» әдісі

21 сәуірде «Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасы аясында өте қарапайым және әсерлі «Отқа төзімді ақша» әдісі өтті.
Әдісті жүзеге асыру барысында су, спирт, оттық, пинцет және ескі кеңес дәуіріндегі рубльдерді қолдандық.
Ақшалардың отқа төзімділігін бақылау кезінде ақша емес спирт жана бастады. Себебі, ақшаны жаққан оттың қызуы қағазға малынған суды буландыру үшін жеткіліксіз. Соның нәтижесінде спирт жанып, жалын сөніп, ал ақша дымқыл бұзылмаған күйінде қалды.
Құрметті жас ғалымдар, Сіз де осындай түрлі тәжірибенің куәсі болам десеңіз, біздің кітапханалық зертханаға келіңіз!

«Балалар әдебиетінің жарқын жұлдызы» әдеби танысу

Кітапхана жұмысының негізгі бағыттарынның бірі-оқырмандарды балалар ақын-жазушыларының шығармашылығымен таныстыру.
«Қауырсын қалам» клубы аясында Шәкәрім атындағы гимназияның 7 сынып оқушыларының қатысумен балалар жазушысы Марат Қабанбаевтың туғанына 75 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің жарқын жұлдызы» әдеби танысу сабағы болды.
Жазушының орта және жоғары сынып жасындағы балаларға арналған «Арыстан, мен, виолончель және қасапхана, «Жиһанкез Тити», «Айшылық алыс жол», «Пысық болдым, мінеки» және т.б. бірнеше кітаптары бар.
М. Қабанбаев 1988 жылғы Қазақстан Жазушылар одағының М. Әуезов атындағы сыйлығының лауреаты және де екі жылдан бір рет балалар кітабы жөніндегі халықаралық кеңес (ЮНЕСКО) беретін 1990 жылғы Х.К. Андерсен атындағы Құрмет дипломының иегері.
Сондай-ақ, «Бақбақ басы толған күн» кітабы балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығармалардың республикалық сайысында 2-сыйлықты иеленген. Балалар осы повестің желісімен «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «12 жасқа толғанда» атты көркем фильмнен үзінді тамашалады.
«Қауырсын қалам» әдеби клубының белсенді қатысушысы Яна Григоркевич М.Қабанбаевтың «Арыстан, мен, виолончель және қасапхана» кітабы бойынша балалармен пікірталас өткізіп өз ойын ортаға салды.
Іс-шара соңында кітапханашы жазушының шығармалары жинақталған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

Кітапханада «Еркетайым» балабақшасының «Сказка» тобы, «Думан» бөбекжайының «Балапан» тобының бүлдіршіндерінің қатысуымен «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Адамның дене мүшелері» тақырыбында өткізілді.
Сабақ өткізу барысында ойын түрлерін қолдану арқылы адамның иық, қол, аяқ, шынтақ, тізе, табан және т.б. дене мүшелерін қазақ тілінде айтып үйренді. Сабақ соңында бүлдіршіндер жаңа кітаптармен таңысты.

 

«Ертегілер елінде»

Бүгін кітапханамыздың 70 жылдық мерейтойы аясында 5 жастағы балалар арасында «Ертегілер елінде» атты қалалық театрландырылған байқауының финалы мен марапаттау рәсімі өтті. Байқаудың мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың оқу белсенділігін дамыту және шығармашылық қабілеттерін қолдау.
Байқауға «Дарынды бала әлемі» жинағынан сахналанған ертегілер (таңдау бойынша) қабылданды. Байқаудың жүлде қоры жоба авторы және «Дарынды бала әлемі» кітабын шығарудың бастамашысы Айнагүл Хамитованың демеушілігімен ұйымдастырылды.
Қазылар алқасының қарауына қаланың 9 балабақшасынан қазақ және орыс тілдерінде 18 жұмыс ұсынылды.
Қазылар алқасының құрамына: С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының актері, режиссер, ҚР мәдениет қайраткері Б.Киекбаев, «Буратино» қуыршақ студиясы театрының режиссеры, Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының балалар қуыршақ студиясының жетекшісі Е.Пак, Театр және кино актері, мұғалім, «Как в Кино» актерлік және шешендік өнер мектептері желісінің Қарағанды филиалының көркемдік жетекшісі К.Пловайко және №3 Дарынды бала балабақшасының директоры А.Бұхарбек енді.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
1-орын:
«Шаңырақ» бөбекжайы КМҚК, «Лягушка и муравьи» ертегісі;
2-орын:
«Думан» бөбекжайы КМҚК, «Вежливый кролик» ертегісі;
ЧУ «Гвоздичка», «Два жадных медвежонка» ертегісі;
3-орын:
«Шаңырақ» бөбекжайы КМҚК, «Два жадных медвежонка» ертегісі;
«Думан» бөбекжайы КМҚК, «Горностай и Заяц» ертегісі;
«Алтын сақа» бөбекжайы КМҚК, «Түлкі қалай Арыстанды алдады» ертегісі.
Номинациялар бойынша:
«Көрермен көзайымы» – ЖМ «Гвоздичка», «Два жадных медвежонка» ертегісі;
«Ең үздік декорация» – «Аяла» бөбекжайы КМҚК, «Ни силой, а умом» ертегісі;
«Ең үздік костюм» – «Ақниет» бөбекжайы КМҚК, «Два жадных медвежонка» ертегісі;
«Ең үздік актерлік шеберлігі» – «Шаңырақ» бөбекжайы КМҚК, «Бақа мен Құмырсқалар» ертегісі;
«Ең үздік музыкалық көркемдеу» – «Гүлнұр» бөбекжайы КМҚК, «Почему верблюд любит в золе кататься ертегісі.
Байқаудың барлық қатысушыларына алғыс білдіреміз және жеңімпаздарды құттықтаймыз!

«Ықылас – қобыздың атасы» музыкалық портфолио

Биыл қазақ халқының ұлы күйшісі, қазақ күй өнеріндегі айрықша құбылыс болған Ықылас Дүкенұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Даңқты қобызшының мерейтойына орай кітапханада «Ықылас – қобыздың атасы» атты музыкалық портфолио өткізілді.
Шараға Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің қылқобыз сыныбының ұстазы Ж.Ы. Жұмабеков, мамандандырылған музыка мектеп-интернатының қобыз аспабының ұстазы М. А. Оразбекова қатысты.
Ықылас Дүкенұлы қазақ тарихында қайталанбас қобызшы ретінде қалған тұлға. Сонымен қатар Қорқыт баба жолын жалғастырушы күйшінің «Аққу», «Жезкиік», «Қамбар-Назым», «Қасқыр», «Кертолғау» сынды күйлері халық арасына кең тараған. Басқосуға жиналған аталмыш кеште Ықылас мұрасына ерекше ықылас танытып, қобызшының күйлері жөнінде әңгіме өрбіді. Балаларға назарына күйшінің ең таңдаулы музыкалық шығармалары ұсынылды.

Интеллектуалды ойын «Мен бесінші сынып оқушысынан ақылдымын ба?»

Кітапханада мектеп бағдарламасымен сайысқа түсуге тәуекел еткен ересек адамға арналған зияткерлік ойын өтті. Ойынға №97 гимназияның 5-сынып жетекшісі Елена Юрьевна Крапивина қатысты. Қатысушы әдебиет, математика, информатика, жаратылыстану және өлкетану пәндеріне арналған тақырыптар бойынша 15 сұраққа жауап берді. Мұғалімге ең үздік жақсы оқитын оқушылар көмектесіп отырды. Жас мұғалім 11 ұпай жинап, «Үздік ұстаз» мүсіншесін жеңіп алды.
Шара оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты дамытуға көмектеседі.