Archive Шiлде 2023

Бүгін жас оқырмандар жазғы оқу залының қонағы болды. Ағаш көлеңкесінде отырып балалар әртүрлі кітап беттерін парақтап, өздеріне ұнаған кейіпкерлердің суретін салды. Балалар жазғы демалыс уақытында үйге оқуға бірнеше дана кітаптар алды.

«Жанартау»

18 шілдеде қызықты деректер күні аясында балалардың назарына «Жанартау» тәжірибесі ұсынылды. Тәжірибе кезінде табиғаттың өте қызықты және жұмбақ құбылысын өз қолдарымен жасап, жасанды жанартау ошағында лаваның атқылауын көре алды.
Табиғат құбылыстары немесе басқа да таңғажайып дүниелер қызықтырса, қазақтың ғылыми-көпшілік «OYLA» журналын оқуды ұсындық.

 

 

«Сабын көпіршіктері»

11 шілдеде қызықты деректер күні аясында «Сабын көпіршіктері» атты тәжірибе сабағы өткізілді.
№50 мектептің балаларымен бірге сабын көпіршіктерін өз қолдарымен жасап, оларды дүкенде сатылатын сабын көпіршіктерімен салыстырды. Сабын көпіршігін жасау үшін бізге ыдыс жууға арналған гель, су және глицерин қажет болды. Сабын көпіршіктерін үйде оңай жасауға болады, себебі барлығы үй шаруасында тұтынып жүрген заттар.

«Астана – елдің жүрегі»

Астана күніне орай кітапханада «Астана – елдің жүрегі» атты иллюстрациялы кітаптаптармен безендірілген көрме – әңгіме ұйымдастырылды.
Көрмеде Астана қаласының тарихын, оның елорда ретінде қалыптасуын, көрікті жерлерін ашатын иллюстрациялы кітаптармен қоса мерзімді басылымдардың материалдары ұсынылған.
Астана- жас әрі қарқынды дамып келе жатқан әлемдегі ең әдемі және заманауи қалалардың біріне айналды. Біздің жас оқырмандар экспозициялық материалдардан Астана жайлы тереңірек оқып, оның шежіресімен танысты
Көрмеде ұсынылған кітаптар арқылы біз елорданың қалыптасуының негізгі кезеңдеріне байланысты бірталай тың ақпараттармен бөлістік. Оқырманмен пікір алмастық.
Жаңа астананың шежіресі әлі де жалғасын табары сөзсіз. Жасай бер, Астана!

«Магниттер»

Шілде айының 4-і күні кітапханада қызықты деректер күні аясында магниттердің күшін көрсететін тәжірибе сабақ жүргізілді. № 50 мектептің оқушылары «Магнит» ұғымымен танысып, магниттің қасиеттері туралы біліп, эксперимент жасау барысында жаңа білім алды.
Сондай-ақ балаларға біздің кітапхана қорынан түрлі тәжірибелер мен әртүрлі тәжірибе сабақтарға арналған қызықты ғылыми кітаптар ұсынылды.