Archive Қаңтар 2024

Полиция – мәртебелі мамандық кездесу кеш

Кітапханада әр түрлі мамандық өкілдерімен кездесу циклі аясында «Барлық мамандықтар қажет, барлық мамандықтар маңызды» тақырыбында балалар орталық полиция бөлімінің жедел-криминалистикалық бөлімінің аға криминалисті подполковник Шушаев Сағынтай Күзембайұлы және Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің рота командирінің орынбасары Мұрат Ерасыл Сәбитұлымен кездесті.
Балаларға полиция қызметкерлері қылмыспен және құқық бұзушылармен күресетіндіктерін және де қоғамдық тәртіпті қорғаумен, сондай-ақ азаматтардың жеке қауіпсіздігімен айналысатындары жайлы айтып берді.
Шараға қатысушылар полиция қызметкерлерімен бірге үйде, көшеде және жол қауіпсіздігі туралы яғни жүріс-тұрыс ережелерін, сондай-ақ қиын жағдай болған кезде жүгінуге болатын арнайы қызметтердің телефон нөмірлерін естеріне түсірді. Қол іздерін тексеретін сарапшының криминалистикалық чемоданы туралы да балаларға мәліметтер берілді.
Саусақ ізі туралы әңгіме мектеп оқушыларының ерекше қызығушылығын тудырды. Балалар криминалист-сарапшы рөліне еніп, оқиғаның шартты орнында іздерді табуға, әртүрлі жерлерден іздерді табуға тырысты.
Полиция қызметкерлерімен өткен қызықты кездесу балалардың есінде ұзақ уақыт бойы сақталып қалатын болды өйткені оқушылар өздері үшін көптеген пайдалы нәрселерді көзбен көріп қолмен ұстап көрді, құқық
қорғау органдарының жұмысының маңыздылығы мен қажеттілігін түсінді.

«Жазуы ерен – ойы терең» атты Сүйіндік Жанысбаймен кездесу

30 қаңтарда Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында туған жердің мерейгер ақын – жазушыларының туындыларын дәріптеп насихаттауға арналған қарағандылық жерлесіміз Қазақстан журналистер одағының және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі Жанысбай Сүйіндік Жұмабайұлына 75 жас толуына арналған «Жазуы ерен – ойы терең» атты кездесу өтті.
Кездесудің құрметті қонақтары ардагер журналистер А.Жанғожин, Ә.Тойжігітов және халықаралық журналист С.Батырханова және арнайы шақырылды.
Кездесу кеші техника-экономикалық колледжі студенттерінің және Ә.Ермеков атындағы мектеп – лицейі оқушыларының қатысуымен өтті.
Іс- шара барысында қаламынан туған әр шығармасында ұлттық рух пен елдік мүдде айқын көрініс тапқан, қазақ журналистикасының көрнекті өкілдерінің бірі, жазушы Сүйіндік Жанысбайдың қоғам ¬дамуына белсенді атсалысып, облыс тарихын зерттеп, өлкетануға қосқан үлесі жайлы көптеген мәліметтер айтылды. Кітаптарына шолу жасалды. Қаламгерге Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқарамасы басшысының алғыс хатымен марапатталып, естелік сыйлық табысталды.
Бастауыш сынып оқушылары автордың ертегісінен шағын қойылым қойып, бала жастан өлең жазуға құмар Сүйіндік атамыздың жырларынан үзінді оқыды.

«Кітапкиномания» клубы

Ашылуын көптен күткен «Кітапкиномания» клубы өз жұмысын бастады! Бұл оқуды және жақсы фильмдерді көруді ұнататындар үшін тамаша кездесу орны болмақ. Клуб қатысушылары әдебиет пен киноны байланыстыру мақсатында. «По щучьему велению» ертегісін тамашалады. Фильмде мейірімге толы, позитивті сәттер көп болды.
Кездесуге Қарағанды киноклубының жетекшісі Владимир Зуев қатысты. Ол өзінің 2013 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан клубының қызметі мен қатысушылары туралы айтып берді. Көптеген оқырмандар көрмеген жаңа фильмдерге шолу жасап, кітабын оқуды ұсынды.

«Мандала тоқу» шеберлік- сыныбы

28 қаңтар күні «Free Style» арт-шеберханасының қатысушылары «Мандала» жасау техникасын үйренді. Шеберлік сағатында мандала тоқудың шебері Жанна Попова өзінің мол тәжірибесімен бөлісті.
Таяқшалармен өрілген түрлі – түсті жіппен тоқылған шеңбер балалардың шығармашылыққа деген қабілетін арттырып, тоқу барысында мидағы жағымсыз ақпараттармен күресуге мүмкіндік береді.
Құрметті оқырман жыл бойы түрлі тақырыпта өткізілетін шеберлік -сағатынан қалыс қалмай сен де қатыс. Біз сені күтеміз.

 

«Жолбарыс»

«Шуақ» шығармашылық студиясының кезекті сабағында балалар «Жолбарыс пен тышқан» ертегісі бойынша жолбарыстың көлемді аппликациясын жасады.

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Менің отбасым» тақырыбында өтті.
Балалар «Аруна» баспасынан шыққан «Суретті қазақ тілі» кітабын пайдалана отырып, балалар отбасы мүшелерінің яғни ата, әже, әке, ана, қазақша атауларын айтып үйренді. Сонымен қатар «Бұл кім» ойынын ойнады.

«Көңілді ағылшын» үйірмесі

«Көңілді ағылшын» үйірмесі кезекті сабағы «Toys and colors. Ойыншықтар мен түстер» тақырыбында өтті. Балалар қызықты «What is it?» ойынын ойнау арқылы ойыншықтар атаулары мен түстерін ағылшын тілінде айтып үйренді. Сондай-ақ сабақ соңында «Toys» әнін айтты.

«Кірпі» қолөнері

«Шуақ» шығармашылық студиясы өз жұмысын жалғастыруда. Бүгін балалар Өзге Нұр Құскіннің «Кірпі нинидің ең бақытты күні» ертегісі бойынша қолдағы бар материалдардан кірпі жасады.

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағында «Құлыншақ» балабақшасының тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Дүкенге барамын» тақырыбында сабақ өткізілді.
Балалар «Таңғажайын кітаптар», «Ойыншықтар әлемі», «Жеміс–жидектер» дүкендеріне саяхат жасап, сюжетті-рөлдік ойынын ойнады. Ойын барысында балалар бір-бірімен диолог құрып, ойыншықтарды, жеміс-жидектердің қазақша атауларын айтып үйренді.

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы

Достар!
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында кітапхана биыл туғанына 100 жыл толып отырған белгілі балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың кітаптарын оқуға шақырады. Көрме залында сіз Қазақстандағы ең көп оқылатын балалар жазушысының романдары мен әңгімелерін таба аласыз. Оны бала тәрбиесінің күрделі мәселелері үнемі толғандыратын. Соқпақбаевтың шығармалары өмірбаяндық сипаттақа негізделген. Балалық және жастық шақ оның барлық кітаптарының өзегі.
Қаламгер өзінің шығармашылық жолын ақындықтан бастаған. 1950 жылы жарық көрген «Бұлақ» атты алғашқы өлеңдер жинағы автордың ерекше шынайылығы мен кіршіксіз пәк көңілінің көрініс тапқан, нағыз балаларға арналған туындысы. Кітап сыншылардың жоғары бағасына ие болып, оқырмандардың көңілінен шықты.
Көп ұзамай Б.Соқпақбаев поэзиядағыдан кем түспейтін прозадағы дебют жасады. Сюжеті жағынан қарапайым, бірақ қазақ ауылының өмірі мен тұрмыс-тіршілігін көлемді бейнелеуі терең әңгімелері «Чемпион» (1951), «Бақыт жолы» (1953), «Өзім туралы» (1957) жасөспірімдер арасында ғана емес, сонымен қатар ересек оқырмандардың кең ауқымында бірден танылды.
Жазушының кітаптарында мейірімді және дана, бұзық және ақылды кейіпкерлер бар, оларды сүймеу, олардың қиыншылықтарына жанашырлық танытпау, олардың жетістіктеріне қуанбау мүмкін емес. Жазушы өз кейіпкерлеріне ертедегі сүйікті фольклор кейіпкерлерінің ерекшеліктерін дарытқан, оқырман оларды таңданыспен, рахаттана қабылдады.
Б.Соқпақбаевқа танымалдық пен атақты «Менің атым Қожа» повесі әкелді. Оны «Детский литература» баспасынан шығарды, содан кейін орыс тілінен көптеген тілдерге аударылып, шетелде: Францияда, Польшада, Чехословакияда, Болгарияда басылды. Содан кейін ғана ол еліне – қазақ оқырмандарының жүрегінен берік орын алу үшін оралды.
Осы оқиға негізінде «Қазақфильм» киностудиясында көркем фильм түсіріліп, 1967 жылы Канн қаласында өткен балалар мен жасөспірімдер фильмдерінің халықаралық фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды.
Кітап сөрелерінде Б.Соқпақбаевтың кітаптары оқырманын күтуде, оқуға асығыңыз!