Archive Сәуiр 2024

«Көңілді ағылшын»

Көңілді ағылшын» үйірмесінің кезекті сабағы «Clothes. Киімдер» тақырыбында өткізілді. Балалар «What are you wearing?» қызықты ойынын ойнап, түтікшенің көмегімен киім атауларын құрау арқылы үстіне киген киімдерді ағылшын тілінде әңгімелеп айтып берді. Сабақ соңында балалар тақырыпты пысықтау мақсатында «Today I am wearing clothing» әнін айтты.
Балалар үшін сабақ қызықты өтті.

«Шәкәрім жүріп өткен ізбенен….» шығармашылық кеш

Кітапхана қызметкерлері Қарағанды медицина университеті ұйымдастырған ҚР ҰҒА – ның академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР суретшілер одағының мүшесі М.Т. Әлиакпаровтың «Шәкәрім жүріп өткен ізбенен….» атты шығармашылық кешіне қатысты.
Кітапхана атынан кеш иесіне кітапхананың 70 жылдық мерейтойына орай жарық көрген «Қарағанды балалардың рухани ордасы» және «Абай» (өлеңдер, аудармалары, поэмалары) атты кітаптарды тарту етті. Абай атындағы балалар кітапханасы қорына Мақаш Тыныштықпайұлы Әлиакпаров «Шәкәрім» атты сурет альбомына қолтаңба жазып, табыстады.

 

«Eurasian Book Fair-2024» VIІ Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі!

Астанада 17-21 сәуір аралығында Конгресс Орталығында «Astana Eurasian Book Fair – 2024» VII халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтуде. Кітап көрме-жәрмеңкесін ұйымдастырушы – «Фолиант» баспасы. Бес күн бойы Түркия, Ресей, Иран, Өзбекстан, Қазақстан компаниялары өз өнімдерін ұсынады.
17 сәуірде біздің кітапхана қызметкерлері бұл іс-шараның ашылу салтанатына қатысты. Белгілі қазақстандық ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақұштап Бақтыгерееваның «Менің Фаризам» және Дархан Қыдырәлінің «Мұстафа» кітаптарының таныстырылымында болды.
Жәрмеңкенің бағдарламасы бай әрі қызықты болды: түрлі дәрістер, көрмелер, интерактивті алаңдар, шеберлік сыныптары өткізіліп, көптеген баспалар мен кітап дүкендері өз өнімдерін ұсынды.
Мұндай шаралар кітапханашылар үшін өте маңызды. Олар бізге жаңа кітаптардың үлкен ағысын шарлауға және оқырмандарымызбен «бір толқында» болуға көмектеседі.

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты» дауыстап оқу

Кітапхана қызметкерлері «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы аясында кезекті дауыстап оқуды ұйымдастырды.
Биыл жазушы, ақын, қазақ сатирасының классигі Оспанхан Әубәкіровтің туғанына 90 жыл толуына орай «Нового телевидения» жүргізушісі Ермек Фариза оқырмандарға Оспанхан Әубәкіровтің «Жабақ туралы әнгімелер» кітабынан әңгімелерді дауыстап оқып берді.
О. Әубәкіров балаларға арналған, өлең-жыр, ертегі, пьеса жазған. Ең алғашқы кітабы «Қоңырау» деген атпен 1960 жылы жарық көрген. Балалар мен ата-аналар әзіл-сықақ толы әңгімені ынта қойып тыңдады.

«Жолбарыс мен тышқан»

«Шуақ» шығармашылық студиясының кезекті сабағында балалар «Жолбарыс мен тышқан» ертегісі бойынша тышқанның көлемді аппликациясын жасады.

«Қаныш Сәтбаев – ұлы геолог, ғалым» кітапханалық дәріс

Аса көрнекті ғалым, өз заманының әйгілі табиғат зерттеушісі, геолог, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қаныш Сәтпаев – ұлы геолог, ғалым» атты кітапханалық дәріс өткізілді.
Дәрісті Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Сәуле Қасымова жүргізді. Шараға Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ-ның 9-сынып оқушылары қатысты. Ел дамуына елеулі үлес қосқан ғалымның өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақатында «Қазақтың ұлы ғалымы Қаныш Сәтбаев» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып шолу жасалды.
Қазақстанның білімін, ғылымын, өнерін дамытуға зор үлес қосқан қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметін айшықтатын танымдық мәні бар мұндай шаралар оқушылардың жеке тұлға және болашақта әртүрлі саланың білікті мамандары ретінде қалыптасуында ерекше орын алары да сөзсіз.

Библиотур «Балалар кітапханасы: қала картасындағы нүкте»

Кітапханада «Әсем» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне экскурсиясы өткізілді. Балалар кітапхана тарихымен, үйірмелер мен клубтардың жұмысымен, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерімен танысты.
Барлық балалар кітапханаға жазылды. Экскурсиядан кейін кітапханашы А. С. Пушкиннің ертегілері бойынша викториналық сұрақтар жасырып «По щучьему велению» фильмін көруге ұсынды.

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

Кітапханада «Гвоздичка» балабақшасының «Құлыншақ» тобы бүлдіршіндерінің қатысуымен «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Әріптер сөйлейді» тақырыбында өткізілді.
Тақырыбының өзі айтып тұрғандай «Әліппе – білім бастауы» демекші, баланың ең алғашкы кітабы – әліппе.
Сабақ барысында балаларға дыбыстар мен әріптер туралы түсінік беріп, әріптердің қазақ тілінде қалай дыбысталып айтылатынын үйреттік.