Archive Мамыр 2024

Оқырмандардың Нұрлан Санжармен кездесуі

2024 жылы қазақ балалар әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толып отыр, жазушының мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтуде.
30 мамырда С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының кіші залында қазақстанның белігілі балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың повесі желісімен түсірілген «Менің атым Қожа» фильмінде басты рөлді сомдаған актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, сценарист Нұрлан Санжармен шығармашылық кездесу өтті.
«Қазақфильм» киностудиясында түсіріліп, балалар киносының үздік туындысына айналған көркем фильм 1967 жылы Халықаралық Канн кинофестивалінде арнайы сыйлыққа ие болды. Бұл бүкіл қазақ киносының алғашқы халықаралық марапаты еді. Сонымен қатар, Нұрлан Санжардың «Періште», «Қызыл қар» повестері және «Нежданный гость – Джучи», «Бату-хан» романдары жарық көрген. Актердің «Ангелочек» повесінің желісімен түсірілген «Ангелочек» балалар телесериялы Ялта телевизиялық фильмдер фестивалінде арнайы сыйлықпен және Мәскеу телефорумының жүлдесімен марапатталды.
Бұл іс-шара балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына қызығушылық танытатын үш ұрпақтың кездесуіне ықпал етті.
Кездесу барысында «Мен Қожадан аумайтын баламын» облыстық фестивалінің қорытындысы бойынша үздік болып «Қожаға ұқсас бала» атанған жеткіншектер шеруі өткізілді. Іс-шараға қатысушылар жазушыға сұрақтар қойып, қолтаңба алды.

«Қауырсың қалам» әдеби клубы

Жексенбі күні «Қауырсың қалам» клубының мүшелері жаңа эмоциялар алу үшін Теміртау қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Теміртау театрына экскурсия жасауға барды.
Театр басшысының орынбасары Павел Авдюков театр тарихы мен қызметтері туралы мәліметтер берді. Саяхат жасап болғаннан кейін балалар Мария Паррдың пьесасы бойынша «Вафельное сердце» спектаклін қызығушылықпен тамашалады.

«Қарлаг: адам және тағдыр» кітап көрмесі

31 мамыр – ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.
Айтулы күнге орай кітапхананың оқу залында «Қарлаг: адам және тағдыр» атты кітап көрмесі рәсімделді. Көрмеге Қарағандылық автор-зерттеуші В.Могильницкийдің «Великие узники Карлага», «Безымянные тюльраны», «В долинах слез» кітаптар және мерзімді басылымдарда жаряланған мақалалар қойылды. Оқырмандардың барлық тобына оқуға кеңес береміз. Басылымдарда қуғын-сүргін мен қиыншылықтардың ауыр жылдары, адамдардың қиын тағдырлары туралы баяндайды.

«Free Style» арт-шеберханасы

Кітапханада жаңадан бастаған қолөнершілерге арналған кезекті шеберлік сыныбы өтті. Қыздар бисерден білезік жасауды үйренді. Моншақтармен жұмыс істеу қарапайым және сонымен бірге белгілі бір дайындық пен дағдыларды қажет етеді. Қарапайым теория мен қызықты тәжірибенің көмегімен қыздар инелер мен жіпті қолдана отырып неше алуан білезіктер жасады.

Мәдениет саласының үздігі

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай құжаттарды толықтыру, өңдеу және негізгі қорды сақтау бөлімінің басшысы Кирина Людмила Васильевна Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Людмила Васильевна! Еңбегіңіз жемісті болып, әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!

Сегізаяқ

Біз «Шуақ» шығармашылық студиясының кезекті отырысында түрлі-түсті ермексаздан сегізаяқ жасадық! Балалар әдемі және қызықты бұйымдар жасады!

 

Мәдениет және өнер қызметкерлер күні

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай кітапхана үдерісін автоматтандыру бөлімінің басшысы Елена Олеговна Кучаева Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Елена Олеговна! еңбегіңіз жемісті болып, биік белестерді бағындырып, әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!

«Жолда жүру ережесін сақтайық!»

Кітапхана мамандары оқырман балаларға Қарағанды полиция басқармасына шолу экскурсиясын ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты: өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, патриоттық тәрбие беру, қылмыстың алдын алу, және болдырмау, оның ішінде балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу.
Экскурсия балаларға өте қатты ұнады, олар біздің қаламызда тыныштық пен тәртіпті қамтамасыз ететін жедел басқару орталығы қызметкерлерінің жұмысы туралы біліп, танысып қайтты.

«Смешарики» жұмсақ ойыншық

Жұмсақ ойыншықтар – іші жүннен, мақтамен және т.б. заттармен толтырылған ойыншық жануарлар немесе қуыршақтар. Бұрынғы кезде жұмсақ ойыншықтар ауланған аңдардың терісінен жасалған. Кітапханада «Смешарики» жұмсақ ойыншығын жасау бойынша шеберлік сыныбы өтті. Жас қолөнершілер өз қолдарымен әртүлі жұмсақ ойыншықтар жасады.

«Жемқорлыққа жол жоқ!» дөңгелек үстел

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған індеттің бірі.
20 сәуірде Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында кітапхана дөңгелек үстел өтті.
Қоғамда тұтастық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет жүйесін қалыптастыру жұмысын жүйелендіру мақсатында өткізілген шараға кітапханананың бөлім басшылары және кітапханашылар қатысты.
Кітапхананың басшысы Б. Уатаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолдары туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.