Archive Қыркүйек 2024

«Ұлт жанашары – Герольд Бельгер» тұлғалық кітап көрмесі

Қазақ әдебиетің әлемге танытқан қарымды қаламгер, аудармашы, қоғам қайраткері Герольд Бельгердің 90 жылдығына орай кітапханада «Ұлт жанашары – Герольд Бельгер» тұлғалық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қаламгердің қаламынан «Ауыл шетіндегі үй», «Даладағы шағалалар», «Алты асу», «Тас өткел», «Бауырластықтың жанды бейнесі», «Созвучие», «Уақытпен бетпе-бет», «Мотивы трех струн», «Гете и Абай», «Родство», «Земные избранники» атты зерттеу еңбектері жарық көрген.
Шығармаларының бірі 2003 жылы жарық көрген «Кезбенің үйі» («Дом скитальца») романы оқырмандардың ерекше ықыласын аудырып, қызығушылығын тудырған туынды болды. Роман желісі Қазақстандағы этникалық неміс ұлтының тағдырына арналған. Шығармада жазушының көзімен көріп, өз басынан кешкен оқиғалары баяндалады. Сондай-ақ сонау дүрбелең, зұламат жылдардың қиыншылықтарын басынан кешкен қазақ пен неміс ұлттарының тағдыры суреттеледі.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітап көрмесімен танысуға, кітап оқуға шақырамыз!

«Денсаулық сабағы»

Кітапханада №1 гимназияның 2 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Дәрумендер – денсаулық кепілі» атты денсаулық сабағы өткізілді.
Балаларға жоғары санатты санитарлық дәрігер Әділбаева Рымкүл Майсатқызы салауатты өмір салты туралы, күн тәртібін сақтау, дене шынықтырумен айналысу, пайдалы дәрумендерді қолдану қажеттілігі туралы айтып берді.
Балалар жұмбақтардың шешімін тауып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Содан кейін барлығы бірге дене шынықтыру жаттығуларын жасады. Балалар «күнделікті әдеттерін» сахналап орындады, «Денсаулық ағашын» өсірді, «ертегіні толықтыр», «сұрақ–жауап», «мақал-мәтелді жалғастыр» сайысына қатысып, барлығы бірге бой сергіту жаттығуларын жасады.
Балаларға салауатты өмір салтын ұстануда кеңес беретін және көмектесетін кітаптар туралы да ақпарат берілді.

«Шеге мен Балға»

«Шеге мен Балға» клубының биылғы маусымдағы алғашқы сабағы өтті. Үйірме жетекшісі Владимир Борисович Моторин балалардың құрылыс еңбек құралдары, олардың мақсаты мен қолданылуы туралы түсініктерін кеңейтті.

«Балғын гүлдей балақан» кітап көрмесі

Биыл елімізге танымал балалар ақыны Мүбәрак Жаманбалиновтың туғанына 100 жыл толады. Мерейтойлық датаға орай кітапханада «Балғын гүлдей балақан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
М. Жаманбалиновтың өлеңдері табиғатқа, жыл мезгілдеріне, анасына, ұстазына, оқуға байланысты болып жазылған. Оның өлеңдері қырғыз, түркімен, өзбек, латыш тілдеріне аударылған. Ақының «Жауқазын» атты таңдамалы жинағына өлеңдер, поэмалар, ертегі-аңыздар, мысалдар, жұмбақтар, жаңылпаштар енгізілді.
Барлық балаларды кітап көрмемен танысуға шақырамыз.

Журналистпен кездесу

«Барлық мамандықтар қажет, барлық мамандықтар маңызды» кездесулер циклі аясында Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестіктің джаз оркестрінің және мемлекеттік іс-шаралардың жүргізушісі, «5-арна» жаңалықтарының дикторы, журналист Роберт Графпен кездесу өтті.
Журналист балаларға өз мамандығының қыр-сырын, ерекшеліктерін, жұмыс барысындағы кәсіби шеберлігімен бөлісті. Оқушылар сұхбат барысында журналисттің репортаж жасау барасындағы қызықты оқиғаларын тыңдап, кездесуге қызығушылық танытты.

 

Экскурсия

Бүгін кітапханаға Қарағанды техникалық-экономикалық колледжінің 1 курс студенттерін кітапхананың құрылу тарихымен, кітапхананы пайдалану ережелерімен, бөлімдерінің қызметімен таныстыру мақсатында экскурсия өткізді. Студенттер жаңадан түскен әдебиеттер мен мерзімді басылымдарға шолу жасап, балаларға арналған клуб пен үйірмелердің сабақ кестесімен танысты.

«Менің отбасым» сынып сағаты

Біздің оқырмандармен кездесулеріміз мектеп қабырғасында да өтуде. Кітапхана маманы Г.Потанин атындағы жалпы білім беретін мектепке барып оқушыларға «Менің отбасым» атты сынып сағатын өткізді.
Кітапханашы балаларға жанұяның қоғамдағы рөлін тағы бір мәрте еске салып, отбасы құндылықтарының маңыздылығын айтып берді. Балалар ата-аналары туралы әңгімелерімен бөлісіп, «Бақытты отбасы» ұғымын талқылады.

«Мектепке дейінгі тәрбиешілер»

Бүгін кітапханаға «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығында біліктілікті арттыру курстарында оқитын мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері экскурсияға келіп, кітапхананың қызметімен танысты.

Экскурсия

Бүгін кітапханаға Қарағанды қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алғаш рет ашылған №19 жайлы мектептің 5-7 сынып оқушылары экускурсияға келіп, кітапхананың тарихымен оның бөлімдерімен танысты. Экскурсия барысында балалар көптеген сұрақтар қойып, кітапхана туралы жаңа мағлұмат алды. Іс-шара сәтті өтіп, оқушылар кітап оқуға деген қызығушылықтарын білдірді. Шараға 150 жуық бала келді, кітапханаға 75 оқырман жазылды.

«Қауіптің алдын алу және салдарын азайту» әңгіме

Кітапхана оқырмандарға терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұсынған бейнероликті көрсетіп «Қауіптің алдын алу және салдарын азайту» атты әңгіме өткізді.