Archive Қыркүйек 2024

«Менің отбасым» сынып сағаты

Біздің оқырмандармен кездесулеріміз мектеп қабырғасында да өтуде. Кітапхана маманы Г.Потанин атындағы жалпы білім беретін мектепке барып оқушыларға «Менің отбасым» атты сынып сағатын өткізді.
Кітапханашы балаларға жанұяның қоғамдағы рөлін тағы бір мәрте еске салып, отбасы құндылықтарының маңыздылығын айтып берді. Балалар ата-аналары туралы әңгімелерімен бөлісіп, «Бақытты отбасы» ұғымын талқылады.

«Мектепке дейінгі тәрбиешілер»

Бүгін кітапханаға «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығында біліктілікті арттыру курстарында оқитын мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері экскурсияға келіп, кітапхананың қызметімен танысты.

Экскурсия

Бүгін кітапханаға Қарағанды қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алғаш рет ашылған №19 жайлы мектептің 5-7 сынып оқушылары экускурсияға келіп, кітапхананың тарихымен оның бөлімдерімен танысты. Экскурсия барысында балалар көптеген сұрақтар қойып, кітапхана туралы жаңа мағлұмат алды. Іс-шара сәтті өтіп, оқушылар кітап оқуға деген қызығушылықтарын білдірді. Шараға 150 жуық бала келді, кітапханаға 75 оқырман жазылды.

«Қауіптің алдын алу және салдарын азайту» әңгіме

Кітапхана оқырмандарға терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұсынған бейнероликті көрсетіп «Қауіптің алдын алу және салдарын азайту» атты әңгіме өткізді.

Отбасы күні

Елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні. Мереке қарсаңында кітапхана мамандары Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесімен бірлесіп, «Отан отбасынан басталады» атты әңгіме өткізді.
Шараға қатысқан балалар Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің қорынан «Отбасы бақыт – мекені» атты суреттер көрмесімен танысуға мүмкіндік алды.

«Тіл – ең асыл құндылық»

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай кітапханада Г. Потанин атындағы ЖББМ 2-сынып оқушыларының қатысыумен «Тіл – ең асыл құндылық» атты сұрақ-жауап ойыны өткізілді.
Кітапханашылар оқушыларға тілдердің пайда болу тарихы туралы әңгімелеп, қызықты тарихи деректерді келтірді. Балалар өз отбасыларында қандай тілдерді білетіні және қандай тілдерде сөйлейтіні туралы әңгімелерімен бөлісті. Ойын көптеген қызықты мәліметтер алу арқылы жақсы деңгейде өтті.

«Балалықтың жан жылуы-кітапта» Ашық есік күндері

Жаңа оқу жылының алғашқы күндері кітапханаға Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның 5 – сынып оқушылары және №1 гимназияның 4 -сынып оқушылары экскурсияға келді. Балалар кітапхананың қызмет көрсету бөлімдерімен танысты. Кітапханашылар балаларға қалай оқырман болу керектігін және кітапханада олардың жасына қарай не қызықты болатынын айтып берді. Шараға қатысушылардың барлығы «Aiza» фирмасының балдай тәтті – балмұздағынан дәм татты.

 

«Кітапханадағы білім күні»

Білім күні – салтанатты және нағыз күз мерекесі. Бұл күні, 1 қыркүйекте кітапхана жас оқырмандарды мерекелік түрде қарсы алды. Мұнда тақырыптық фотоаймақта естелік фотосурет түсіруге, көрмелер мен байқауларға қатысуға, кітаптармен танысуға, инсталляцияға баруға және тіпті “Айза”ЖШС демеушілері ұсынған балмұздақ жеуге болады.