Наурыз 26, 2024 «Алпамыс батыр» байқауы. I тур By odb-abai inЖаңалықтар Бүгін кітапханада «Алпамыс батыр» эпосынан үзіндіні мәнерлеп оқу бойынша қалалық байқаудың алғашқы кезеңі өткізілді. Бірінші кезеңге тестілеуге қаламыздағы «Шәкәрім атындағы гимназиясы», «Н. Әбдіров атындағы ЖББМ», «Мағжан Жұмабаев атындағы гимназиясы», «Ақпараттық технологиялар» ММЛИ, «№6 ЖББМ». «№12 ЖББМ», «Таңшолпан» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы, «№5 Қосымша білім беру мектеп-орталығы», «№66 мектеп-лицей», «№17 ЖББМ», «№18 ЖББМ», «№85 ЖББМ», «Озат»ақпараттық технологиялармамандандырылған мектеп-лицейі» оқушылары қатысты. – Бірінші кезеңде байқауға қатысушы әр үміткер «Алпамыс батыр» жыры бойынша тестілеуден 32 сұраққа жауап беріп, жоғары ұпай жинаған қатысушы екінші кезеңге өтті. – Бірінші кезең нәтижесі бойынша екінші кезеңге 16 үміткер жолдама алды. 27-ші наурыз күні «Алпамыс батыр» эпосынан үзінді оқып балалар өзара сайысқа түседі.
Наурыз 26, 2024 «Кітаптың мәңгілік серігі» By odb-abai inЖаңалықтар Кітап бетбелгілері бұрыннан кітаптардың арасында өмір сүріп келе жатқан, өте қызықты өзінің естеліктеріде бар әртүрлі бейнеде белгіленген бетбелгілер. Кітап бетбелгілері 13 ғасырда пайда болған, олар былғарыдан және велюрден, кейінірек матадан және қалың қағаздан жасалған. Жібектен, кестеленген, әртүрлі таңбалардың суреттері салынған патшалар мен патшайымдардың суреттері бар бетбелгілерде болған. Балалар кітабы апталығы аясында «Кітаптың мәңгілік серігі» атты бетбелгі жасау бойынша шеберлік сыныбы өткізілді. Балалар алдымен бетбелгінің пайда болу тарихымен, оның түрлерімен танысып, содан кейін өз қолдарымен бетбелгілер жасады. Айшықты шарадан жас оқырмандар ерекше көңіл-күймен тарқасты.
Наурыз 26, 2024 «Балалар, Сіздер үшін жазамыз!» дөңгелек үстел By odb-abai inЖаңалықтар Кітапхана 26-31 наурыз аралығында Балалар кітабының апталығы басталды. Апталық аясында 26 наурыз күні «Балалар, Сіздер үшін жазамыз!» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараға облысқа танымал балаларға арналған көптеген әңгімелер мен ертегілердің авторы Е. Г. Пономаренко, балалар композиторы, ақын Л. Е. Мельникова,Теміртаулық ақындар Т.Ю. Дубовская, Ә. М. Бекпенбетова, «Бүлдіршінге жыр арна» атты облыстық әдеби-шығармашылық байқаудың жеңімпаздары Д.Д. Бұланбаев, С. Дәулетханұлы, А.Ш.Шарибекова, Абай қаласынан К. Ж. Танашева, №17 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ж. С. Абеуова және Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Қ.Т. Әшкеев қатысып, балалар әдебиетінің бүгіні мен келешегі жөнінде өзекті тақырыпта ой қозғап, өлең оқылып, келесі отырыстың жоспары талқыланды. Алдағы уақытта қаламгерлер балалар әдебиетінің қазынасын толықтырар керемет дүние жазып, кішкентай оқырмандарды қуантады деп сенеміз.
Наурыз 18, 2024 «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы By odb-abai inЖаңалықтар «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы шеңберінде кітапханашы жас оқырмандарға «История игрушек» кітабынан шүберек Ковбой Вуди, Астронавт Базз Лайтер және олардың достарының қызықты шытырман оқиғасын дауыстап оқыды. Балалар шығарманы зейін қойып тыңдады.
Наурыз 17, 2024 «Ұлттық дефиле» By odb-abai inЖаңалықтар Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих. Наурыз мерекесіне арналған Наурызнама онкүндік шеңберінде кітапханада 18 наурыз – «Ұлттық киім» күніне орай ұлттық киімдер дефилесі өтті. Балалар қазақтың ұлттық ойындары сақина тастау, арқан тартыс ойнап, сондай-ақ «Қара жорға», «Адай» биін биледі. Кітапхананың тұрақты оқырманы Доскей Айдын домбырада «Ерке сылқым», «Балбырауын» күйлерін тартып берді.
Наурыз 17, 2024 «Книгокиномания» клубы By odb-abai inЖаңалықтар «Книгокиномания» клубы отырысы аясында режиссер А.Кончаловский түсірген әйгілі қырғыз жазушысы Ш. Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» повесі желісімен түсірілген толықметражды фильмі көрсетілді. Шыңғыс Аймтовтың «Алғашқы ұстаз» повесі сонау 1924 жылы болған оқиға адам тағдырын қалай өзгерткенін, ауылда өскен жетім қыздың академик дәрежесіне жетуіне себеп болған алғашқы ұстазы туралы баяндалады. Фильмді көргеннен кейін балалар кітап пен фильмдегі айырмашылықтар туралы өз пікірлерін айтты.
Наурыз 17, 2024 Наурыз By odb-abai inЖаңалықтар Наурыз – Қазақстан үшін маңызды мереке, қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Әңгімелесу барысында балалар өз халқының мәдениетін, тарихын және салт-дәстүрін айтып таңқалдырды. Соңында түрлі-түсті қағаздан гүлдер жасады.
Наурыз 17, 2024 «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі By odb-abai inЖаңалықтар «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Көктем кеді» тақырыбында өткізілді. Ойын технологияларын (викториналар, жұмбақтар) пайдалана отырып, үйірме жетекшісі Ж.Зейкенова балаларға көктем мезгілінің ерекшеліктерімен негізгі белгілерін білуге көмектесті. Балалар «Көктем келді» танымдық бейнеролигін қызығушылықпен және ынтамен тамашалап, жаңа сөздерімен танысты.
Наурыз 15, 2024 «Алаш Орда көшбасшыларының, Қазақтың би-шешендерінің мұрасы» тақырыбында дәріс By odb-abai inЖаңалықтар Бүгін кітапханада «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ, «Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы» ҚБ ұйымдастыруымен «Алаш Орда көшбасшыларының, Қазақтың би-шешендерінің мұрасы» атты дәріс Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің және Қарағанды техникалық – экономикалық колледжінің студенттерінің қатысуымен өтті. Дәрісті Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының (МАИН) академигі, әдебиеттанушы ғалым, сыншы Жандос Қожахметұлы Смағұлов жүргізді. Модератор: «Қарағанды облысы кәсіпкерлерінің Ассоциациясы» ҚБ атқарушы директоры – Санаубаев Серік Мәлібекұлы.
Наурыз 14, 2024 «Киіз үй» By odb-abai inЖаңалықтар 14 наурыз – Көрісу күні. Қазақ халқының көнеден келе жатқан мерекелерінің бірі саналатын бұл күн Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының бастауы саналады. Осы мереке қарсаңында кітапханада киіз үй этноконструкторын құрастыру бойынша тренинг өтті. Балалар көшпелілер мәдениетінің сәніне айналған, бабамыздың көзіндей болған киіз үй туралы қызықты мағлұмат алып, киіз үй этноконструкторын жинауға белсене қатысты.