Archive 2024

Киізден жасалған суреттер

Кітапханада Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі, Қарағандылық суретші, этнодизайнер Евгения Шульцтің шеберлік сыныбы өтті.
Қазақ халқының барлық мәдени сан алуандығы Евгения Шульцтің көптеген еңбектерінде көрініс тапқан. Оның киізден жасалған суреттері Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал.
Киіз басудың шеберіне айналған Евгения Шульцтің айтуынша жүнмен жұмыс жасау кез келген адамның қолынан келе бермейді, ол үшін қолдың күші көп болуы қажет.
Шараға қатысушылар жетекшінің көмегімен құрғақ жүннен «Степь ковыльная» және «Өмір ағашы» атты суреттерді киізде салып жасады.

8 наурыз

Көктем айымен бірге бізге әдемі және ең жарқын керемет мереке – 8
наурыз Халықаралық әйелдер күні, көктемнің ең таңғажайып, ең нәзік
мерекесі келді!
Бұл күн ерекше күн, күн сәулесімен және күлімсіреген шырайлы күндерімен бізге жарқын көңіл күй сыйлайды.
Мереке қарсаңында №3 гимназияның 4 сынып оқушылары үшін
«Super қыздар» конкурстық- ойын бағдарламасы өткізілді. Қыздар барлық
ойындар мен байқауларға қызығушылық танытып қатысты. Ұл балаларда өз сыныптастарын қолдап келді.
Мерекелік бағдарлама шуақты, мерекелік жарқын көңіл – күй сыйлады!

Жапония мәдениеті апталығы

Кітапханада «Мәдениеттер тоғысы» жобасы аясында Жапония мәдениеті апталығының салтанатты ашылуы өтті.
Мерекелік шараның шымылдығын Жапония туралы тамаша әнмен, біздің оқырманымыз, «Қазақстан дауысы. Балалар» байқауының финалисті Ляйсан Исмакова ашты.
Апталық аясында қатысушылардың назарына тақырыптық бұрыштар ұйымдастырылып: жапон кескіндемесі өнері бойынша суреттер салды, жапон каллиграфиясы бойынша балалар өз есімдерін иероглифтермен жазды.
Балалар Жапон халқының символы болып саналатын сакура ағашына гүлдер жасады, жапон тағамдары суши мен роллды дайындап аспаздық шеберлік сабақтарына қатысты.
Каратэ және оригами бойынша шеберлік сыныптары өтті.
Балалардың назарына жапондық қызықты «Дитя чудовища» анимациялық фильмі ұсынылды.
Шәкәрім атындағы гимназияның оқушылары және «Думан» бөбекжай тәрбиеленушілері оқырмандар мен кітапханашылар назарына «Барсук и волшебный веер», «Сиқырлы орындық» атты жапон халқының ертегілерін сахналау арқылы тамаша қойылым көрсетті.
Жапон апталығының соңғы күнінде аниме косплей ұйымдастырылып өткізілді. Сондай-ақ апта бойы қатысушылар назарына жапон авторларының кітаптары ұсынылып, «Сакура гүлінің көлеңкесінде» көркем фотоаймақта суретке түсті.

«Көңілді ағылшын»

«Көңілді ағылшын» үйірмесі өз жұмысын жалғастыруда. Кезекті сабақ «Weather. Ауа райы» тақырыбында өтті. Балалар қызықты «What is the weather like?» үстел ойындарын ойнау арқылы ауа райын ағылшын тілінде сипаттап үйренді. Сондай-ақ сабақ соңында «How’s The Weather?» әнін айтты.

«Корзинка» шебер-сабағы

Аяулы әжелеріміздің, аналарымыздың, әпкелеріміздің, барша әйел қауымының көктем мерекесі жақындап келеді. Өз қолыңнан шыққан бұйымды сыйлыққа тартудан артық ештеңе жоқ.
Осыған орай бүгін кітапханамызда тәлімгер Жанна Попованың бастамасымен моншақ пен лента элементтері бар, фоамираннан сыйлық салатын себет жасау бойынша шеберлік сабағы өтті.

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты» дауыстап оқу

Балалар әдебиетін дамыту өскелең ұрпақ үшін керек. Кейінгі ұрпақтың тіл ұстартып, кітап оқуға деген құштарлығын арттыру да аса маңызды.
Осы мақсатта кітапханада «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы аясында дауыстап оқу өткізілді. Балаларға арнап әңгімелер жазып жүрген Қарағандылық қаламгер Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі, п.ғ.м. Жақан Жұпар Рысқұлқызы «Балаларға базарлық» атты жинағынан «Чипси мен Шибаурсақ» әңгімесін оқыды. Әңгіме кішкентай оқырмандарға қатты ұнап әр баланың көңілінен шықты.

«Гербарий»

2024 жылы «Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасы өз жұмысын жалғастыруда. Бүгін кітапханада «Гербарий» танымдық сабағына «Ақпараттық технология» мектебінің оқушылары қатысты.
Балаларға гербарийдің не екені түсіндіріліп, оны қалай дұрыс жинау керектігі жайлы ролик көрсетілді. Сондай-ақ, дайын «Деревья и кустарники» гербарийі ұсынылып, олардың жапырақтарын микроскоппен қарады.
Зертхана жұмысының соңында А.Васильеваның «Мой гербарий. Листья деревьев» кітабына шолу жасалды.
Сәнді гербарийді өз қолыңызбен жасауға болады!

Алғыс айту күніне

Көктем айының алғашқы күні, 1-наурыз Алғыс айту күніне орай кітапханада «Алғыс айту – парызым!» атты «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы» қушыларының қатысуымен танымдық, сабақ өтті.
Тағылымға толы іс-шара барысында оқушыларға еліміздің салт – дәстүрімен тарихына құрмет көрсетіп, әрі ұлт бірлігін нығайтатын мерекенің тарихи маңыздылығы түсіндірілді.
Шара соныңда балалармен бірге кахут ойыны ойналды.
Мереке достық, мейірімділік туралы өлеңдер оқумен және бір-біріне алғыс сөздерін айтумен аяқталды.

Өлкетану библиографиясы – дәуір айнасы

Биыл Қарағанды қаласының 90 жылдығына орай облысымыздың тарихын, әдебиеті мен өнерін, географиясын тану мақсатында №6 ЖББМ 10 сынып оқушыларымен «Өлкетану библиографиясы – дәуір айнасы» атты библиографиялық сабағы өтті.
Сабақ барысында оқушылар Қарағанды өңіріне қатысты 5 тақырып бойынша жасырылған 10-50 санына дейінгі ұяшықтарды таңдау арқылы өлке тарихымен танысып, туып-өскен жері жайында көптеген ақпараттар алды.

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

Кітапханада «Еркетайым» балабақшасының «Балапан» тобы бүлдіршіндерінің қатысуымен «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің сабағы «Санап үйренейік» тақырыбында өткізілді.
Бүгінгі сабақ барысы ойын түрінде өткізілді. Балалар сандармен танысып, «Он саусақ» ойынын ойнап, жасырын тұрған сандарды тауып, қазақша атауын айтып тапсырмаларды тиянақты орындады. Сабақ өте қызықты әрі көңілді болды. Сабақ соңында бүлдіршіндер «Санау әні» атты бейнеролигін тамашалады.