Archive 2024

Өрт сөндірушімен кездесу

Кітапханада № 48 ЖББМ 7 сынып оқушыларының қатысумен төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Дамир Нұрланұлы Сағатаевпен кездесу өтті.
Әңгіме өрт сөндіруші мамандығының маңыздылығы, оның ерекшеліктері мен қиындықтары туралы болды. Келген қонағымыз өзінің қызметінен мысалдар келтіріп, тапсырманы орындау кезінде жинақылық, тәртіп, батылдық сияқты адамға қажет негізгі қасиеттерді атады өтті.
Балалар Дамир Нұрланұлынан өрт сөндіруші мамандығын қайда оқуға болатынын және ол үшін не қажет екенін сұрап білді.
Шара «Барлық мамандықтар қажет, барлық мамандықтар маңызды» атты кездесу циклі шеңберінде өтті.

Италия мәдениетінің апталығы

19 ақпанда кітапханада «Мәдениеттер тоғысында» атты кітапхана жобасы аясында Италия мәдениеті апталығының ашылуы өтті. Оқырмандар мен кітапхана қонақтары Италия елінің мәдениеті мен әдебиетін, тарихын, салт-дәстүрлеріндегі ерекшеліктермен танысуға мүмкіндік алды.
Салтанатты ашылу кітапхана фойесінде өтті, онда Академиялық музыкалық комедия театрының әртістері Макарова Елизавета мен Элагати Мерей Итальян тілінде құлақ құрышын қандырар арияларды шырқады.
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы өз қорынан италяндық суретші Ремо Вольфтың экслибристерін, италяндық суретші Кармин Барборо мен қарағандылық суретші Полина Карпунинаның картиналарын Италия мәдениеті апталығы аясында оқырмандар назарына ұсынды.
Іс-шараға келушілер италяндық стильдегі киімдері бар сәнді салонды тамашалап, Қарағанды облысы архитекторлар одағының мүшесі Владимир Троценконың Италияның сәулет өнері туралы баяндамасын тыңдады.
Ашылу салтанаты «ЛеТа» аспаптық ансамблінің орындауындағы неаполитандық әуендермен аяқталды.
20 ақпанда оқырмандарға итальяндық режиссер, неореализм классигі Витторио де Сиканың 1948 жылы Луиджи Бартолинидің хикаясының негізінде түсірілген, әлі де өзектілігін жоғалтпаған, әлеуметтік әділетсіздік пен оның қарапайым адам тағдырына әсерін шебер бейнелеген «Похитители велосипедов» фильмі көрсетілді.
21 ақпан аспаз Виталий Косенчуктің шеберлік-сабағына арналды. Аспаз италияндық салатты дайындау әдісімен бөлісіп, оқырмандарға жалпы Италия асханасының қыр-сыры жайлы танымдық мағлұмат берді.
Италия мәдениетінің апталығы «Мафия» командалық ойынымен аяқталды. Ойын барысында біздің оқырмандар бейбіт тұрғындардың, полиция қызметкерлері мен мафия өкілдерінің бейнелерін қолданған болатын. Қылмыстық әлем көшбасшыларын іздеуде қатысушылар интуициялары мен логикалық ойлау қабілеттеріне сүйене отырып, ауызбіршіліктің керемет нұсқасын көрсетті.

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Қыс мезгілінің өзіндік ерекшеліктері» тақырыбында өткізілді.
Балалар сабақта қысқы табиғат ерекшеліктерімен танысып, сурет салды. Өз жұмыстары туралы әңгімелеп, қыс туралы ән шырқады.

«Free Style» арт-шеберханасы

Бүгін «Free Style» арт-шеберханасының қатысушылары ылғалды киіз басу әдісін қолдана отырып, білезік жасауды үйренді.
Қазақстан этнодизайнерлер одағының мүшесі Жәлелова Лаура Нурсипатқызы тігін тігу, тоқыма тоқу, киіз басу өнері жайлы түрлі ақпараттармен бөлісіп, киіз басудың тарихына кеңінен тоқталды. Қай өнерді де болмасын білем деген адамға кеш болмайтынын атап өтіп, қыз балаларды ісмерлік пен шеберлікке үйрету арқылы еңбекті сүюге ерінбей тер төгуге шақырды.

«KITAP – QAZYNA» кітап сыйлау акциясы

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде Алаштың үш бәйтерегі: Сәкен Сейфуллиннің, Ілияс Жансүгіровтің, Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына және Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «KITAP – QAZYNA» атты кітап сыйлау акциясы өтті.
Акцияда университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, облыстық кітапханалар басшылары және студенттер қатысып сыйлауға ұсынатын кітаптармен алмасты. Сондай-ақ, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ғылыми кітапхана қорына Абай атындағы балалар кітапханасының 70 жылдық мерейтойы орай жарық көрген «Қарағанды балаларының рухани ордасы. Место притяжения детей» атты кітабын кітапхана басшысы Б.Қ. Уатаева тарту етті.

«Балалықтан даналыққа» тренинг

Бүгін кітапханада «Мен тұлғамын» коучинг орталығы аясында «Балалықтан даналыққа» тұлғалық өсуді дамытуға арналған тренингке «Ақпараттық технология» мектеп оқушылары қатысты.
Тренинг барысында балалар мидағы жаңа нейрондарды дамытуға арналған нейрогимнастикалық жаттығуларды жасап үйренді. Жаңа ортада, жаңа тілдерді үйрену барысында неліктен қиындықтар болатынына тоқталып «кішкентай мүмкіндік те мүмкіндік» атты ойыны ойнатылды.
Сонымен қатар, білім алудың ең арзан түрі не екені талқыланып, балалармен әңгімелесу, ойландыру мақсатында түрлі сұрақтарға жауап алды.

Террорлық қауіптің үш деңгейі

Әлемнің техногендік өркениет пен ақпараттық қоғам дәуіріне енуі көптеген әлеуметтік мәселелерді шешіп қана қойған жоқ, сонымен қатар жаңа проблемаларды тудырды, олардың бірі бүгінгі таңда халықаралық және ішкі терроризмге қарсы күрес болып табылады. Бұл туралы бүгін кітапханада No48 орта мектептің 10-сынып оқушыларымен Қарағанды облысының полиция департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Құтжанов Бекжан Серікұлы әңгімеледі.
Лаңкестік әрекеттің қандай үш деңгейі бар және олардың айырмашылығы неде, лаңкестер теракт жасаудан басқа қандай кәсіппен айналысады, құрбан болудан қалай құтылуға болады? Осы және басқа да сұрақтар «Террорлық қауіптіліктің үш деңгейі» әңгімесінде көтерілді. Бекжан Серікұлының айтуынша, лаңкестіктен қорықпау керек, өйткені қорқыныш астында өмір сүру өте қиын, лаңкестердің көздегені де осы, бірақ кез келген жағдайда қырағы, сақ болу қажет.

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

Кітапханада «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Адамның дене мүшелері» тақырыбында өткізілді.
Сабақ өткізу барысында ойын түрлерін қолдану арқылы адамның иық, қол, аяқ, шынтақ, тізе, табан және т.б. дене мүшелерін қазақ тілінде айтып үйренді. Сабақ ойын түрінде өтті.

«Жырлайды жүрек» дауыстап оқу

«Қауырсын қалам» әдеби клубы тағы да жас авторлардың басын қосты. Кітапхана дарынды балаларды қолдауға және бағыттауға әркез дайын. Әңгіме осы туралы болды, сонымен қатар шығармаларын басылым беттеріне шығару мүмкіндігі туралы айтылды.
Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері көрнекті ақын М.Мақатаевтың шығармашылығын сүйіп оқитындардың қатарынан екен.
Клуб мүшелері ақынның жандарына жақын өлеңдерін оқу арқылы шабыттана түстіндерін айтып, ақын шығармашылығына деген сүйіспеншіліктерін өлеңдерін мәнерлеп оқу арқылы жеткізді.

«Менің қалам – Қарағанды» интерактивті ойыны

Қарағанды қаласы ең маңызды және айтулы оқиға – Қарағанды қаласының құрылғанына 90 жыл толуын атап өтуде. Бұл мерейтой қала тұрғындары мен қонақтары үшін Қарағанды қаласының бай тарихын еске алуға себеп болады.
Осы мерекеге орай кітапханада қала мектептерінің 8 – сынып оқушылары арасында «Менің қалам – Қарағанды» интерактивті ойыны өтті. Ойында «Қоянды жәрмеңкесін кім құрды?», «Геннадий Головкин қай ауданда тұрды?», «Шахтер Даңқы» ескерткішінің салмағы қанша?» деген әр түрлі сұрақтар оқушыларға қойылды.
№ 97 гимназия оқушылары мен Н.Әбдірова атындағы мектеп оқушылары жақсы дайындалып келіп, ойын өте қызу деңгейде өтті.
3 турдың қорытындысы бойынша команда жеңіске жетті «Жас сарбаз».
Журналист Руслан Телегиннің айтуынша, мұндай іс-шаралар балалардың туған өлке тарихына деген қызығушылығын оятуға ықпал етеді.