Ақпарат күні

Ақпарат күні

Кітапхана қызметкерлері 30 қаңтарда «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйі» КММ тәрбиеленушілері мен педагогтарына арналған «Қарағанды облысының қасиетті картасы»көшпелі ақпарат күнін өткізді.

Педагогтар ұжымына «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының қызметі туралы, біздің өлкеміздің киелі жерлері тізбесінің жасалуы туралы баяндалды (Қазақстанның киелі жерлерінің тізбесі үшін «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығына өңірлік деңгейдегі 43 нысана ұсынылды); «Қарағанды облысының қасиетті картасы» таныстырылым слайды арқылы Қаражартас, Домбауыл, Жошы хан, Болған Ана, Алаша хан мавзолейлері, Қызыл Кент сарайының үйінділері секілді және басқа да облыстың киелі жерлері тарихи анықтамаларымен таныстырылды.

Педагогтардың назарына «Сарыарка. Край сокровищ», «Ұлытау», «Уық шаншылған Ұлытау» атты өлкенің тарихи ескерткіштері мен табиғаты туралы фотоальбомдық кітап басылымдары ұсынылды.

Қарағанды облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінен сыйға берілген «Туған жер – тұғырың» және «Ұлт тарихындағы ұлы белес» басылымдарына ерекше көңіл бөлінді.

Бүгінгі күні Қарағанды облысы бойынша 50 мәдени маңызды нысана белгіленді. Мәдени ескерткіштерді қасиетті орындар ретінде анықтау және мұқият зерттеу жұмысы жүргізілуде.

Comments are closed.