Құнанбаев, А. Хикмет кітәбі = Книга мудрости = Book of wisdom / А. Құнанбаев. – Алматы : Мерката М, 2012. – 410 б.

    Басылым  беттерінде Абай сөздерінің мәтіндерінен жекелеген дәйексөздер мен үзінділер берілген. Барлық мәтіндер үш нұсқада: түпнұсқа, орыс, ағылшын тілдеріне аударылған. Басылымның соңында мәтінде кездесетін ең қиын ұғымдарды түсіндіретін сөздік орналастырылған.

img902
img903

       Kunanbaev, A. Book of words / A. Kunanbaev. – Semey : Abai international club, 2005. – 182 p.

     Кітап «AMANAT» журналының танымал кітапханасына кіреді.  Басылымды құрастырушы және бас редакторы  Роллан Сейсенбаев. Бұл шағын басылымда ақынның ең танымал поэтикалық шығармаларының ағылшын тіліне аудармалары, сондай-ақ әлемге әйгілі қара сөздері ұсынылған.

img904
img905
img906

      Құнанбаев, А. Хикмет кітәбі = Книга мудрости = Book of wisdom / А. Құнанбаев. – Алматы : Халықаралық Абай клубы, 2011. – 568 б.

     Кітапқа қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, философ, композитор және көрнекті қоғам қайраткері Абайдың әдеби мұрасы өлеңдері, поэмалары, аудармалары және ерекше стильде жазылған философиялық «Қара сөзі» ақынның терең ой толғаныстары мен жан дүниесінің көп жылғы жемісті еңбектері енгізілген.

img907
img908
img909