Құнанбаев, Абай. Шығармаларының бір томдық толық жинағы [Мәтін] / А. Құнанбаев. – Алматы : Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1961. – 694 б. Ұлы ақынымыз Абайдың бұл толық жинағына көпшілікке мәлім жырларымен бірге соңғы кезде табылған өлеңдері енгізілген. Кітапқа ақынның замандастарымен әркезде түскен суреттері және сол замандастарының естеліктері берілді. Құнанбаев, Абай. Екі томдық шығармалар жинағы [Мәтін] . Т.1. Өлеңдер мен поэмалар / А. Құнанбаев. – Алматы : Жазушы, 1986. – 304 б. Ұлы ақын Абайдың асыл мұрасын мезгіл-мезгіл қайтадан жариялау – уақыт талабы, қауым тілегі. Абай сөзін ардақ тұтатын оқырмандарға ақынның екі томдық шығармалар жинағы жаңадан ұсынылып отыр. Бірінші том өлеңдер мен поэмалардан тұрады. Абай шығармаларының біржола орныққан, тұрақты (канондық) текістің жариялау ісін Мұхтар Әуезов жүзеге асырған еді. Құнанбаев, Абай. Өлеңдер. Поэмалар. Аудармалар. Қара сөздер [Мәтін] / А. Құнанбаев. – Алматы : Мектеп, 2007. – 248 б. – (Жетінші сөз) «Мектеп» баспасының жаңа кітаптар сериясы өз бойымыздағы рухани бастауды сақтап, өмірдің мәні туралы ойлануға, өнер-білімге ұмтылуға үндеген Абай өсиеттерін арқау етеді. Қазақстандық белгілі жазушы, аудармашы, әдебиеттанушы Герольд Бельгер құрастырып Зәки Ахметов алғы сөзін жазған Абай шығармаларының жинағы осы серияның беташар кітабы болып отыр. Өлеңдері, поэмалары және қара сөздері топтастырылған бұл басылымда ұлы ақын шығармашылығы толықтай көрніс тапқан. Құнанбайұлы, Абай. Сен де бір кірпіш дүниеге [Мәтін] : Абай туындыларының мектепке арналған хрестоматиясы / Абай Құнанбайұлы. – Алматы : Рауан, 1994. – 176 б. Абай шығармаларының хрестоматиясы мектеп бағдарламалары мен оқулықтарының талаптарына ғана ескеріп қоймай, абайтанудың болашақ бетбұрысына бағыт ала отырып құрастырылған. Кітап мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арналады. Хасенов, Ақылбай. Абайдың қара сөздері өлеңмен [Мәтін] / А. Хасенов. – Петропавл: из-во, 2018. – 124 б. Бұл кітапта қазақ халқының ұлы ойшылы, дана да дара ақыны – Абай Құнанбаевтың ұрпаққа ой салар үлгі-өнегесі зор, баға жетпес туындысы – «Қырық бес қара сөзі» өлең түрінде жазылып, оқырмандарға ұсынылған. Оның авторы – Ақылбай Хасенов. Ол Абай сөздерін терең ұғынып, жүрегінен, санасынан өткізіп, үлкен ықыласпен, зор сүйіспеншілікпен өлең түрінде ерінбей-жалықпай күні-түні көзінің майын тамызып, ақ қағазға тер төгіп, жазып шыққан. Оның бұл еңбегін мақтауға тұрарлық, келелі іс. Ол Абай Құнанбаевтың құнды мұрасын насихаттауға, Абайтану ғылымына өз үлесін қосып отыр. Бұл кітап өскелең ұрпаққа Абай Құнанбаевты бір табан жақындатып, ғибратты сөздерін тануға септігін тигізетіні ақиқат.